Дмитрий Сушков

Дмитрий Сушков

09.07.1975

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

1982 - 1993 жылдары А.В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесін, педагог У.А. Мирсеидов сыныбын бітірді.

1989 жылы Ресей, Перьм қаласындағы, 1990 жылы Беларуссия Минск қаласындағы Халықаралық хореографиялық фестивальдерінің қатысушысы, сондай-ақ училищеде оқитын топпен Қазақстан делегациясының құрамында болды. 1990-1991 жылдары Швейцарияға және Лихтенштейн князьдығына гастрольға барды.

1992 жылдан бастап Абай атындағы ҚМАОБТ балет труппасында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта балет труппасының педагог-репетиторы.

Театрдың репертуарлық спектакльдерінің жетекші партияларына балеттің жас жеке орындаушыларын үйретумен айналысады. Балет әртістері үшін классикалық би сабақтарын береді. Тұңғыш Президент қоры жүлдесінің лауреаты (2014 жыл) «ҚР-ның тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.

 

Репертуар:

 

Ханзада, Тышқандар патшасы, кавалерлердің төрттігі (П.И. Чайковский «Щелкунчик»)

Зигфрид, Ротбард, па-де-труа, Тәлімгер (П.И. Чайковский «Аққу көлі»)

Дезире ханзадасы, кавалерлердің төрттігі (П.И. Чайковский «Ұйқыдағы ару»)

Граф Альберт, Ганс орман қорықшысы (А.Адан «Жизель»)

Кондрад, Ахмед (А.Адан «Корсар»)

Базиль, Эспада, Сыған биі, Дон-Кихот (Л. Минкус «Дон Кихот»)

Кавалер (Л. Минкус «Пахита»)

Бозбала (Ф. Шопен «Шопениана»)

1-ші жеке орындаушы (П.И. Чайковский «Серенада»)

Красс, Спартак (А. Хачатурян «Спартак»)

Джеймс (Л. Левенскольд «Сильфида»)

Вацлав, Хан Гирей (Б. Асафьев «Бақшасарай бұрқағы»)

Уәзір (А. Меликов «Махаббат туралы аңыз»)

Граф Резанов (А. Рыбников «Юнона және Авось»)

Паоло (П.И. Чайковский «Франческа да Римини»)

Мавр-Отелло (Г. Перселл «Павана Мавра»)

Притон қожайыны (Б. Барток «Тамаша мандарин»)

Ақымақ (М. Чулаки «Орыс ертегісі»)

Капулетти (С. Прокофьев «Ромео мен Джульета»)

Каренин (П.И. Чайковский «Анна Каренина») және басқалары.