Қазақ ұлттық опера және балет театрының музейі 2016 жылы наурыз айында ашылды. Оның ашылуы – театрдың басшылығы мен қызметкерлерінің және Досым Сатпаевтың жеке қоры мен меценат Марғұлан Сейсембаевтың арасындағы жемісті ынтымақтастығының нәтижесі.

 

Әр театрдың көрермендерге беймәлім өз тарихы мен өз жәдігерлері бар. Абай атындағы ҚҰОБТ Қазақстанның ескі театрларының бірі, оның сахнасында көптеген жылдар бойғы еліміздің мәдени өмірінің тарихы туындады. Оның шағын бөлігін осы музейдің бірегей экспозицияларынан көре аласыздар.

Біріншіден, бұл сирек мұрағаттық фотосуреттер –театрдың іргесін қалаушылардың қызметімен, өнер өмірді өзгертеді дегенге шын сенген адамдардың өмірі мен жұмысымен байланысты құжаттар.

Екіншіден, музейден Абай атындағы ҚҰОБТ танымал опера және балет артистері өнер көрсеткен театралдық костюмдерін көре аласыздар. Сондай-ақ, олардың есімдері театрдың тарихына жазылған.

Үшіншіден, «эскиздер мен афишалар залы» музейдің маңызды бөлігі болып табылады, онда Сіздер өткен ғасырдың 30 жылдарындағы театрдың айтулы қойылымдарының афишаларын, театралдық костюмдер мен декорациялардың эскиздерін көресіздер. Оларды Абай атындағы ҚҰОБТ-да әр түрлі жылдарда қызмет еткен әйгілі суретшілер жасаған.

Музейіміз Сіздерге театр сырының шымылдырығын кішкене ашып, сахнаның ар жағында артистер аңызға, ал театралдық қойылымдар Қазақстанның мәдени игілігіне айналған театр тарихы қалай пайда болғанын көре аласыздар деп сенеміз.