АННА КАРЕНИНА

27/04 - 18:00

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар!

П. И. Чайковскийдің музыкасына

жазылған Борис Эйфманның балеті

 

АННА КАРЕНИНА

(екі актілі балет)

Л. Н. Толстойдың "Анна Каренина" шығармасы бойынша

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-балетмейстер – БОРИС ЭЙФМАН, Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының иегері (Санкт-Петербург қ.)

Сценограф – ЗИНОВИЙ МАРГОЛИН

Костюм дизайнері – ВЯЧЕСЛАВ ОКУНЕВ, Ресейдің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтарының иегері

Жарықтандырушы - Глеб Фильштинский

Балетмейстердің ассистенттері – ОЛЬГА КАЛМЫКОВА, ОЛЕГ ПАРАДНИК.

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – ГҮЛЖАН ТҮТКІБАЕВА, ҚР халық әртісі

 

 СПЕКТАКЛЬ  ФОНОГРАММА АРҚЫЛЫ ОТЕДІ

 

 І акт

Ақсүйектер жиналған кеш. Анна да жұбайымен осында. Каренина балға Кити атты қызбен бірге келген жас офицер Вронскиймен танысады. Сымбатты жас жігіт Аннаны бірден ұнатып қалады. Аннаның жан-дүниесіне кім үңілген?

Зейінді де елгезек, бірақ өзіне жат бола бастаған күйеуіне деген сезімінің өзгере бастағандығын Анна жақсы сезеді. Күйеуінің қамқорлығы оның ашу-ызасын келтіреді. Аннаның жүрегіндегі Вронскийге деген құштарлық оты оның ақылын ауыстырып, сезім жетегіне сүйрейді...

Ат бәйгесі басталады. Анна мен Вронский бірге рахаттануда. Каренин қос ғашықтың ынтызарлық кездесуінің куәсы болады.

Петербургтың зиялы қауымы Анна мен Вронскийдің қатынастарын айыптайды. Аннаның күйеуі басына түскен барлық масқарашылыққа ерлікпен төтеп беруге тырысады.

Аннаның Вронскийге деген құмарлығы арта түсуде. Каренина мен жас офицер әрбір кездесуді асыға күтіп, сағыныш сезімдерін баса алмайды. Ғашықтардың махаббаттан бастары айналып, көздері ешнәрсені көрмейді...

Аннаның күйеуінің қасыретінде шек жоқ. Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керістен соң, Анна сұмдық қорқынышты түс көреді. Алда болар қайғыны сездіретін

сұмдықтар тізбегінен шошып оянған Анна күйеуінен жалынып кешірім сұрайды.

 

ІІ акт 

Офицерлердің бас қосуы қызу өтіп жатыр. Вронскийге бұл кеш қызықсыз. Оның бар ойы-Аннада.

Карениндер отбасындағы жанжал күннен-күнге өршіп барады. Намысы тапталған күйеуі Аннадан есін жиып, ақылға келуін сұрайды, бірақ ол ешнәрсені естігісі келмейді.

Аннаның күйеуіне оның әйеліне деген сезімін жасыруға тырыспайтын Вронскиймен де тіл табысу мүмкін емес.

Барлық өсек-аяң, әңгімеден құтылу үшін Вронский мен Анна Еуропаны аралап саяхат құрады, атақты Венеция балына қатысады. Тамаша сұлулық әлемі де, ғашығының ыстық құшағы да Аннаны жан-дүниесінің күн сайын арта түскен алпарысуынан құтқара алмайды. Вронскийдің өзіне деген күшейе түскен салқындығы оның қайғысын арттыра түседі.

Петербург қоғамы Аннадан теріс айналады. Аннаның құмарлық дерті оны ессіздік пен торығудың тұңғиығына батыра түсуде. Қызғаныштан басы айналған Аннаның жанжалдары Вронскиймен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді.

Анна барлық қиындықтардан морфийдің күшімен құтылғысы келеді. Бірақ, ешқандай жеңілдік сезілмейді, тек қана әйелдің қиналған ақыл-есін сұмдық елестер әлеміне апарады.

Жан-дүниесі соқыр сезімнің отына шарпылған, санасы дәрімен уланған Аннаның

болашағынан үміті жоқ. Барлық азаптан құтылу үшін Анна вокзалға бет алады. Оның қиын да мағынасыз өмірін зырлап келе жатқан поезд қиып өтеді...

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Анна Каренина………………..ДИНАРА ЕСЕНТАЕВА

 

Вронский…………………….. БОГДАН ВЕРБОВОЙ ( алғашқы орындауы)

 

Каренин………………………. ДӘУРЕН ЖЕҢІС

 

Кити……………………………АЙМАН ЕГИСБАЕВА

 

* Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*