«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры»

07.03.2024

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті «Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына конкурс жариялайды

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

  1. Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

«Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы ауданы, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көшесі 110 үй мекен- жайында орналасқан, тел. 8 (727) 272-84-45.

Кәсіпорын қызметінің мәні мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты опера және балет өнері саласындағы мемлекеттің мәдениет саясатын практикалық іске асыруға бағытталған сахналық, ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

 

 

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

Мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес, немесе Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін 5 жылдан кем емес, немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе "Шетелде кадрлар даярлау бойынша республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс орган) бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, тілдер мен әдебиет бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (өнер) және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мәдениеттану) және/немесе бизнес, басқару және құқық бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін мәдениет саласында немесе басшы лауазымдарда 4 жылдан кем емес;

 

  1. Лауазымдық міндеттері:

Ойын-сауық және театрлық ойын-сауық ұйымының (бұдан әрі – Ұйым) шығармашылық, өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді; мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді; сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; Ұйым қызметінің саясаты мен стратегиясын белгілейді; қаржылық және материалдық қамтамасыз етуді, күнтізбелік және ұзақмерзімді репертуарлық жоспарларды әзірлеуді, репертуарды жалға беруді (прокат), жаңа және қайта қойылатын қойылымдарды (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) шығаруды ұйымдастырады; қойылымдық топтар мен орындаушылардың құрамын, безендіру эскиздерін және макеттерін, жаңа және қайта қойылатын қойылымдардың (спектакльдер, концерттер, цирк көрсетілімдерін) жұмыс жоспарлары мен кестелерін бекітеді; Ұйымды білікті мамандармен қамтамасыз ету және олардың кәсіби білімдері мен тәжірибелерін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру жөніндегі шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; директор орынбасарларына, шығармашылық, өндірістік бөлімшелердің басшыларына және Ұйымның лауазымдық тұлғаларына жұмыстың жеке бағыттарын бөледі; шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді; Ұйым қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасады және бұзады; бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Ұйымның мүддесіне өкілдік етеді; еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

 

4. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін; "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-223/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидаларын; ішкі еңбек тәртіптемесінің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарының тәртібін.

 

5. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері (қосымшалармен);5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері немесе жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;6) 075-у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;7) жеке куәліктің көшірмесі;8) адамның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлімет (кандидатпен EGOV арқылы алынады).Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап 15 (он бес) күн ішінде 2024 жылғы «08» наурызынан бастап 2024 жылғы «22» наурызға дейін жүргізіледі. Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс.Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.Құжаттар қолма-қол немесе пошта арқылы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс, 255 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.Толық ақпаратты +7 (7172) 74-04-59 телефоны бойынша алуға болады.