
П.Чайковский
3 бөлімді балет-феерия
Король мен королева қыздары Аврораның өмірге келгенін тойлауда.Қонақтарды тойды жүргізуші Каталабют қарсы алуда.
Сирень перімен бірге - Нәзіктік,Алғырлық,Жомарттық,Батылдық, Алаңсыздық перілері келеді.Карабос зұлым пері жақындайды.Король шақырылғандардың тізімінде Карабостың жоқ екендігін біліп,ашу-ыза,қорқыныш үдей түседі.
Ашулы Карабос кегін алу үшін, Аврораның ұршыққа ұрынып өлетінін болжайды.
Король мен королева,перілердің Аврораны аяу туралы өтінішіне Карабос назар аудармайды.
Сирень пері Аврораны қорғамақ болады. Карабос мейірімді періні аластатпақ болады, зұлымдық пен мейірімділіктің арпалысында мейірімділік жеңеді.Карабос кетуге мәжбүр.
Король елде енді ешқашан ұршықты пайдаланбау туралы үкім шығарады.
Сарай алдындағы бақта Аврораның 16 жасқа толуы атап өтілуде.Оның құрбылары қыздың бейнесі кестеленген гобелен сыйлайды. Мереке үшін гүл әкелген шаруа қыздар Карабостың жасырын жіберген ұршығын көреді. Олар бейтаныс затты қызығып қарайды.Каталабют ұршықты көріп,қорқып кетеді.ол қыздардан ұршықтың қайдан келгенін сұрайды.Олар білмейміз десе де, корольдің бұйрығын бұзды деп күманданады.Король мен королева келеді,ұршықты көрген король қыздар мен Каталабютті тұтқындап,жазалауға бұйырады.Қызының мерекесін бұзғысы келмеген королеваның араласуымен король тұтқындарды кешіреді. Жастар қуанып,би билеуде.
Төрт ханзада Аврораның қолын сұрау үшін келеді,Аврораға күйеу жігіттерді таныстырады,бірақ олардың ешқайсысы оған ұнамайды.
Гүл шоғын ұстаған әйел келіп,Аврораға ұсынады,гүлдер шашылып,Аврораның қолында ұршық қалады.Король мен королева қыздарына жүгіріп,қорғағысы келеді.Бірақ кеш қалады,Аврора саусағын қанатып алады.Барлығын қорқыныш билейді.Осы кезде әйелдің иығынан жамылғысы түсіп,ол зұлым Карабос болып шығады.Ол өзінің жеңісіне мәз.
Аврораның қорғаушысы Сирень пері келеді,“Аврора өлген жоқ,ол тек ұйықтап кетті” дейді.Ұйқыдағы аруды қорғанға алып кетеді.Сирень перісі сиқырлы таяқшасымен корольдіктің барлық тұрғынын мәңгілік ұйқыға шомдырады.
Жүз жыл өтті.Дезире ханзада орманда аң аулап жүр.Жас қыздардың өзіне деген көзқарасына назар аудармайды. Дезире қиял құшағында, орманның тылсым түкпірінде бір жарық оған сәулесін төгеді.
Сирень перісі келеді,Дезире өзінің арманындағы қызды сипаттайды.Пері оның көзалдына Аврораның бейнесін әкеледі.Ханзада оны тағы көргісі келеді,пері көмектесуге келіседі.
Олар ұйқыға шомған қорған жаққа бет алады.
Карабос пен оның көмекшілері ханзаданың жолына бөгет болуға тырысады. Зұлым күштермен соғыста Дезире жеңіске жетіп, ұйқыдағы Аврораның жанында тұр.
Карабостың зұлымдығының күші кетіп,Аврора мен бірге бүкіл корольдік ұйқыдан оянады. Қыздың әке-шешесі жастарға батасын береді.
Аврора мен Дезиренің үйлену тойы.
Оларды құттықтауға асыл тастар перілері келеді.Қонақтардың арасында- ертегі кейіпкерлері- Перро Флорина , Көгілдір құс,Етік киген мысық,Қызыл телпек,бауырлары мен бірге Бармақтай бала,оларды аңдушы адам жегіш бар.
Аврора мен Дезире биге шығады.Той салтанаты мазуркамен аяқталады.Барлығы жеңіс пен
Мейірімділіктің символы -Сирень періні мадақтайды.