СПАРТАК

А.Хачатурян

«Спартак»

3-бөлімді балет

Либреттосы Николай Волков

Хореографиясы Заурбек Райбаев, ҚР Халық артисі

 

 

Қойылымдық топ:

Спартак

Фригия

Красс

Эгина

 

Этрускандар, гадитандық бикештер, гетералар, мимдар, центуриондар, Спартактың серіктері, қолөнершілер және басқалар – балет әртістері.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі

 

Дирижері-постановщик - Ерболат Ахмедьяров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-балетмейстері – Гүлжан Түткібаева, ҚР Халық артисі

Қоюшы-суретшісі – Вячеслав Окунев, РФ Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты

Бас хормейстер – Әлия Темірбекова

 

История

Бірінші бөлім

Бірінші көрініс. Шапқыншылық

 

Рим императорының әскери күштері жеңілген елдерді аяусыз қырып-жоюда.

Әскер басы Красстың қатыгездігінде шек жоқ.Ол жүріп өткен жерлерде өртенген қалалар мен сан мыңдаған тұтқындар ғана қалады. Сол тұтқындардың бірі-Спартак.

 

Екінші көрініс. Рим.

 

Рим қақпаларының алдында тұтқын әйелдер мен еркектерді Римнің байларына жеке-жеке қымбатқа сату үшін жіктеуде.Спартакты Фригиядан ажыртады.

 

Үшінші көрініс. Фригия Красстың қолында.

 

Красс Фригияны сатып алды.Красстың көңілін аулайтын қыз Эгина Фригияның қорқынышын түсіне алмайды.Эгина үшін алтын, билік,шарап-оның қанын қыздыратындар ғана маңызды.Залға екі гладиаторды итеріп кіргізеді.Көздері байлаулы гладиаторлар өлім мен өмір үшін жанталаса айқасады.Жеңімпаздың бетпердесін сыпырады.Ол-Спартак.

 

Төртінші көрініс. Гладиаторлар қазармасы.

 

Спартак гладиаторларды кісендерін үзіп,құлдықтан құтылуға,өз елінде бақытты,еркін өмір сүруге шақырады.Достары оны қолдауға ант береді.Гладиаторлар қазарманы тастап,қашады.

 

Екінші бөлім.

Бірінші көрініс.Қиын жол.

 

Бақташылардың түнгі тыныштығын көтерілісшіердің шуы бұзады.Өздеріне қосылуға шақырған Спартактың ұранын тек бақташылар ғана емес,құлдардың сансыз тобы да қоштайды. Спартак олардың көсемі болып сайланады.

 

Екінші көрініс.Красстың вилласы.

 

Спартак Фригияны Красстың оңтүстік вилласынан табады.Екі ғашықтың қуанышында шек жоқ.Олар Красстың тойына келе жатқан патрицийлықтар мен Эгинадан сескенеді.

 

Үшінші көрініс. Красстың салтанаты.

 

Патрицийлықтар Олимптің жердегі құдайы Красстың жеңістері мен қуаттылығын айтып мадақтайды.

Мадақтауларды вилланы Спартактың әскері қоршап алды деген хабар тоқтатады.Атақты полк жетекшілері, Красс, Эгина... барлығы қашады.

 

 

 

 

Төртінші көрініс. Красстың жеңілісі.

 

Спартактың алдына Крассты алып келеді.Красс бұрынғы гладиаторды бірден таниды.Көтерілісшілер Римдік қолбасшыны өлтірмек болады.Бірақ Спартак оның басына төнген қаруларды тоқтатады.Красс өзінің өмірін оның бұйрығы бойынша гладиаторлар өмірлерін сақтағаны сияқты, тек қана ашық күресте құтқара алады.Көтерілісшілер - кісі өлтірушілер емес, олар-жауынгерлер.Красстың өзіне қарсы шыққан Спартакқа шамасы келмейді.Спартак оны өлтірмей қуып жібереді, жұрттың бәрі Красстың қорқақтығы мен бишаралығын көрсін...

 

Үшінші бөлім

Бірінші көрініс.Қастандық.

 

Масқара болған Красс өзін тізе бүктірген құлдардан кек алуды ойлайды. Эгина оның өшпенділігінің арта түсуіне атсалысады. Красс әскербасшыларын жинап,көтерілісшілердің көзін жою үшін соғысқа шақырады.

 

Екінші көрініс.Спартактың лагері.

 

Эгина Спартактың лагеріне келеді. Фригия одан келетін жамандықты сезеді.Спартак қызды тыныштандыруға тырысады,бірақ ол өзі үшін қорықпайды. Римнің легионерлерінің келе жатқандығы жайлы хабар келеді. Спартак ұрыстың жоспарын жасап, көсемдердің ант беруін талап етеді. Әлсіздерді Спартактың батыл әрі қауіпті шешімі шошытады.

 

Үшінші көрініс. Сатқындық.

 

Спартактың сенімді көсемдері оның алғашқы үндеуін естісімен-ақ соңынан ереді.Енді бір сәттен соң қорқып тұрғандар да ерер еді.Түн қараңғылығынан Эгина шығады.Шарап, қыздар- қорқақтар сатқындарға айналады.Оларды Красстың әскері тұтқынға алады. Красс Эгинаны көмегі үшін сыйға бөлейді.

 

Төртінші көрініс. Соңғы шайқас.

 

Красстың легионерлері Спартактың әскерін қоршайды.Оның жауынгерлері жойқын күшке шыдай алмай, шайқаста өлім құшады.Спартак қаптаған жауға қарсы аямай күреседі,бірақ саны көп жау әскері оны қыспаққа алып, найзаға шаншиды.Фригияның қайғысында шек жоқ. Онымен бірге Бостандық та құлдыққа қарсы шыққан алғашқы батырын мәңгі жоқтайтын болады...