Л. Делиб КОППЕЛИЯ

19/04 - 19:00

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар!

Л. Делиб

КОППЕЛИЯ

2 - бөлімді балет

Либретто: Ш. Нюиттер және А. Сен - Леондікі Э. Т. А. Гофман новеллаларының желісімен хореография: М.Петипа және Г. Түткібаева

Léo Delibes «Coppélia»

 

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы - Дирижер - ЕРБОЛАТ АХМЕДИЯРОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Балетмейстер – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық артисі

Суретші - Вячеслав Окунев, Ресей Халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты

 

І акт

Қалалық алаңда жас ғашықтар Сванильда мен Франц кездеседі.

Күтпеген жерден оғаш мінезді алхимик, түсініксіз механизмдер жасаушы Коппелиус келеді. Қалалықтар одан сескенеді. Ал жастар оны жиі мазақ қылатын.

Әдеттегідей қыржаңқы қалжын үстінде Коппелиус Франц пен оның достарының сазайын бермекші болады. Ол алаңға құпия бейтаныс қызды алып шығады. Сол кезде барлық жас жігіттер бейтаныс қызға ғашық болады. Сванильда жақында Коппелиустың үйінде пайда болған бейтаныс сұлудың Францты да еліктіріп тұрғанын аңғарады. Ол Францтың көңілін аулағысы келеді, бірақ бекер. 

Ғашықтар арасында реніш туады. Сванильда қызғаныш үстінде ұрыс шығарып, Францтан кек алғысы келеді. Алаңға мерекеге келген қалалықтар ұрыстың куәгерлері болады. Ашуланған Сванильда құрбыларымен жұмбақ бейтаныс қыздың құпиясын білмек болады. Бақталасының аты Коппелия екенін біледі.

Коппелиустың үйінде шуылдаған дауыстар естіледі. Әйнектен қызғылт жарық жалтылдайды. Қыздардың кейбіреулері бұл үйден қорқып кетіп қалады. Коппелиус – үнемі өзінің бір жұмысын жасайтын есі дұрыс емес адам. Не үшін? Ешкім білмейді, ол ешкімге қызық емес.

Түнде қалалық алаңда тым-тырыс. Коппелиус ауыр жұмыс күнінен кейін трактирде демалу үшін үйінен шығады. Сванильда құрбыларымен жерде Коппелиустан түсіп қалған кілтті байқайды. Ол әдемі бейтаныс қыздың кім екенін білу үшін өз құрбыларын Коппелиустың үйіне кіруге көндіреді. Осы уақытта Коппелияға ғашық болған Франц та Коппелиустың уйіне кіруге бел буады.

Коппелиустың шеберханасында автоматтарға, қуыршақтарға, құрал-саймандар мен кітаптарға толы.

Шеберхананы қарап жүрген қыздар Коппелияны байқайды да, оның қуыршақ екенін түсінеді. Ойынның қызығына түскен құрбылар тетікті басып жібергенде, қуыршақтар қозғала бастайды. Кенеттен Коппелиус келіп қалып, шақырылмаған қонақтардың үстінен тап болады. Ол жас тентек қыздарды қуып жібереді. Жалғыз шкафта жасырынып қалған Сванильда Коппелиустың бөлмесінде қалып қояды. Ол Коппелияның көйлегін киюге мәжбүр болады. Ештенені сезбеген қожайын өзінің сүйікті туындысын - қуыршақ Коппелияны тексеріп қарап отырады, оған ешкімнің тиіспегеніне сенімді еді. Сол мезетте Франц терезеден кіріп келеді.

Ол Коппелияға қарай бет бұрады, бірақ оны қуыршақтардың шебері ұстап алады. Франц оған Коппелияға деген махаббаты турады айтады. Сол кезде Коппелиус бұрыннан ойлап жүрген ойы - қуыршақты тірілтуді іске асыруды шешеді. Ол шарапқа ұйықтататын дәрі қосып Францқа береді.

Сиқырдың күшімен алхимик Коппелиус Францтың тіршілік күштерін Коппелияға бергісі келеді. Бұл ойы іске асатын сияқты, қуыршақ ақырындап тіріліп, испан мен жига билерін билей бастайды. Ол одан да тез қимылдай бастайды, құралдарды құлатып, Францты семсермен ұрғысы келеді. Коппелиус әрең дегенде қуыршақты орнына отырғызады. Сванильда Коппелиустың ойын үрейі ұша түсіне бастайды да, Францты оятуға тырысады. Франц оянып, Сванильда екеуі бірге уйден кетеді. Қалжынның құрбаны болғаның түсінген Коппелиус автоматтарының арасына әлсіреп құлайды. Қожайындарының қайғысына қуанғандай автоматтар өздерінің қозғалыстарын жалғастырады.

 

ІІ акт 

Көптен күткен мейрам басталды. Жаңа қоңырауды көтеруін көру үшін қала алаңына халық жиналуда.

Салтанатты Бургомистр ашады.

Тап осы мейрамдағылар қалындық пен күйеу жігіт - Франц пен Сванильданы шаттана қарсы алады.

 Достары мен құрбылары бақытты қос ғашықты құттықтайды. Барлығы көңіл көтеріп билейді. Жалғыз Коппелиус барлығымен қуанышты бөлісуге мұршасы жоқ. Қайғыра ол өзінің орындалмаған арманын бауырына басуда.....

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Сванильда………………........................…. ГҮЛБАРШЫН ҚАСАБОЛАТ (алғашқы орындауы)

Франц…………………..........................……РАФАЭЛЬ ОРАЗОВ

Коппелиус……………............................… АМИР ЖЕКСЕНБЕК

Коппелия, қуыршақ…….......................…. ДИНАРА КУДАБАЕВА

Бургомистр…………….….......................... ДАУРЕН ЖЕҢІС

Чардаш…………………. ........................... ИСИДА ИСКЕНДЕР, НҰРСҰЛТАН АЛПАМЫСҰЛЫ

Сванильданың құрбылары…....................ДИНА ӘУЕЛБЕК, АО ИВАСАКИ, ДИНАРА КУДАБАЕВА, ЗАРИНА АЙШУВАКОВА, АҚЖҮНІС ТӨЛЕГЕН, ОРЫНГҮЛ НҰРЖАНҚЫЗЫ

Францтың достары………….................… АҚЫЛ ЖУАС, ДИАС КУБАШЕВ, ДАРЫН ТАИРБЕКОВ

Трактирші……………...........................…. РУСЛАН КАДЫРОВ

Вариациялар: Таң……………….……….. АҚБОТА БЕКБОЛАТОВА

Күн……………………...........................…. АДИЯ МАНАБАСОВА

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, балеті

Дирижер – МҰХТАР ҚАЛДАЯКОВ

* Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*