Дамир Садуақасов

Дамир Садуақасов

18.05.1988

Білімі

2005 – 2009 жылдары Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін бітірді.

29.05.2015 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімімен опера әншісі, оқытушы біліктілігі берілді.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының шәкіртақы алушысы, 2014.

Жұмыс тәжірибесі

2014 – 2015 жылдары Абай атындағы ҚМАОБТ опера труппасының тағылымгері болып, 2015 жылдан бастап опера солисі болып жұмыс істейді.

Байқаулар және фестивальдар

  • Загир Исмагилов атындағы II Халықаралық орындаушы музыканттар байқауының дипломанты (Уфа, Башқұртстан), 2011 ж.
  • XV Халықаралық «Шабыт» байқауының дипломанты (Астана, Қазақстан), 2012 ж.
  • Республикалық олимпиаданың III-ші жүлдесінің иегері, 2012 ж.
  • «Қазақ Романсиада» романс орындаушыларының XVI Халықаралық байқауының I-ші жүлдесінің иегері (Шымкент, Қазақстан), 2013 ж.
  • VI Халықаралық «Жаңғыру» байқауының I-ші жүлдесінің иегері (Гюмри, Армения), 2014 ж.
  • Бибігүл Төлегенова VII Халықаралық вокалшылар байқауының I-ші жүлдесінің иегері (Астана, Қазақстан), 2014 ж.
  • М. И. Глинка атындағы XXV Халықаралық вокалистер байқауының дипломанты (Мәскеу, Ресей Федерациясы), 2014 ж.
  • П. Чайковский атындағы халықаралық байқауының қатысушысы (Мәскеу, Ресей Федерациясы), 2015 ж.
  • Еркеғали Рахмадиев атындағы I Халықаралық вокалшылар байқауының I-ші жүлдесінің иегері (Астана, Қазақстан), 2016 ж.
  • «Мекен сазы» фестивалі аясындағы «Евгений Онегин» халықаралық жоба және операсының қойылымы (Липецк, Ресей Федерациясы), 2016 ж.
  • "Plácido Domingo’s Operalia The World Opera Competition" дүниежүзілік опералық байқауының қатысушысы (Астана, Қазақстан), 2017 ж.
  • III-ші Еуразиялық музыкалық ойындар сыйлығының иегері (Астана, Қазақстан), 2017 ж.

Репертуар

Неморино ("Махаббат сусыны" Г. Доницетти)

Ленский ("Евгений Онегин" П. Чайковский)

Альмавива ("Севильдік шаштараз" Дж. Россини)

Панг ("Турандот" Дж. Пуччини)

Борса ("Риголетто" Дж. Верди)

Ремендадо ("Кармен" Ж. Бизе)

Горо ("Мадам Баттерфляй" Дж. Пуччини)

Сполетта ("Тоска" Дж. Пуччини)

Камиль ("Желіккен жесір" Ф. Легар)

Жас сыған ("Алеко" С. Рахманинов)

Владимир Игоревич ("Князь Игорь" А. Бородин)

Мес ("Абай" А. Жұбанов, Л. Хамиди)

Жапал ("Еңлік - Кебек" Ғ. Жұбанова)

Әмір Сана ("Абылай Хан" Е. Рахмадиев)