Оксана Давыденко

Оксана Давыденко

08.02.1984

Білімі

Музыкалық мектептің фортепиано сыныбын бітірді.

2001 жылы Ә. Дінішев атындағы вокалдық академияны бітірген.

2001 жылы Құрманғазы атындағы ҚҰК "Вокал өнері" кафедрасының дайындық бөліміне профессор С. Ғ. Құрманғалиеваның сыныбына түсті.

2007 - 2009 - Құрманғазы атындағы ҚҰК аспирантурасы.

Жұмыс тәжірибесі

 2007 жылы Абай атындағы ҚазҰОБТ опера труппасының стажер тобына қабылданды.

Байқаулар 

  • «Романсиада» – Халықаралық вокал байқауының дипломанты, Шымкент, 2008 ж.
  • Чайковский атындағы 14-ші халықаралық конкурстың дипломанты, Мәскеу, 2011 ж.

 

 

2010 жылы А. Серкебаевтың «Астана» бірінші мюзиклінің Маринаның басты партиясын орындады, Астана қ.

2015 жылы ол маэстро, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Жорж Бизенің «Кармен» операсының жаңа қойылымындағы Карменнің басты партиясын орындады, Алматы қ.

2015 жылы Алматы қаласы, Абай атындағы ҚазҰОБТ-да ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Л. Хамиди мен А.Жұбановтың «Абай» операсындағы Қарлығаш партиясын орындады. Сондай-ақ сол жылы Парижде Абай операсында Қарлығаш партиясын орындады.

2015 жылы Татарстан Республикасының Қазан қаласында еңбек сіңірген әртісі Василий Валитовтың жетекшілігімен Вердидің «Трубадур» жаңа қойылымында Азученаның партиясын орындады.

2016 жылы Грекияда маэстро, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаевтың жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертке қатысты.

2017 жылы Қазан қаласында әйгілі итальяндық дирижер, маэстро Марко Боэмидің жетекшілігімен Чайковскийдің «Пиковая дама» операсының жаңа қойылымында Полина партиясын орындады.

Репертуар

Ульрика («Бал-маскарад» Дж. Верди)

Флора («Травиата» Дж. Верди)

Маддалена («Риголетто» Дж. Верди)

Любаша («Патша қалыңдығы» Н. Римский-Корсаков)

Ольга, Ларина («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Зибель («Фауст» Ш. Гуно)

Партия сопрано («Пульчинелла» И. Стравинский)

Қарлығаш («Абай» А. Жұбанов, Л. Хамиди)

Кармен («Кармен» Ж. Бизе)

Азучена («Трубадур» Дж. Верди)

Амнерис («Аида» Дж. Верди)

Полина («Пиковая дама» П. И. Чайковский)

И. Стравинскийдің «Пульчинелла» балетінде вокал партиясы.

Алматы қаласында Ресей және Татарстанның еңбек сіңірген әртісі Р. Салаватовтың жетекшілігімен С. Прокофьевтың «Александр Невский» кантатасының меццо-сопрано партиясын орындады.