Елена Никонова

Елена Никонова

10.09.1977

Білімі

1993 – 1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан музыкалық колледжін «Ән өнері» және «Музыка теориясы» мамандығы бойынша бітірді.

Колледжде оқып жүргенде үздік жетістіктері үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің шәкіртақысына ие болды.

1997 – 2002 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Композиция» және «Вокал өнері» (ҚР Халық әртісі сыныбы – Жұбатурова Р.Т.) мамандықтары бойынша бітірген.

2002 – 2009 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ассистентура-тағылымдамасын бітірді (профессор Құрманғалиева С. Г. сыныбы).

Жұмыс тәжірибесі

1998 – 2001 жылдары ҚР Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі жанындағы эстрада тобының әртісі жұмысын атқарды.

2001 – 2002 жылдары Абай атындағы ҚазҰОБТ стажер тобына қабылданды.

2009 – 2015 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында сабақ берді.

 

Байқаулар мен фестивальдар

  • 2001 жылы Италья әндері фестивалінің гран-при жеңіскері.
  • 2008 жылы«Романсиада» халықаралық конкурсының дипломанты.
  • 2015 жылы «Дух гор» фестивалінің Халықаралық конкурсы (ІІ жүлде).
  • 2015 жылы Дж. Верди атындағы шеберлік сабағынан өтті.

Шеберлік-сабақтар мен шығармашылық жобалар

  • Миомира Витас (Франция). «Шабыт» байқау-фестивалі аясында, Астана қ., Қазақстан.
  • Маквала Касрашвили. Халықаралық байқау аясында Е. Образцова, Санкт-Петербург, Ресей, 2001 ж.
  • Қазақ опера жұлдыздарымен бірге «Хабар»ТРК-нің: «Операдағы түн» фильмінің түсіріліміне қатысты, 2003 ж.
  • Құрманғазы атындағы ҚҰК-да Юрий Григорьевтің шеберлік сабақтары, Мәскеу, Ресей, 2010 ж.
  • Құрманғазы атындағы ҚҰК-да Марко Балдеридің шеберлік сабақтары, Италия, 2012 ж.
  • Изабелла Фрати, Фабрицио Касси. Дж.Верди атындағы академиясында 10 күндік шеберлік сабағы, Парна, Италия, 2015 ж.
  • Дариус Грабовский, Варшава, Польша.Франц Лангер және Криста Хемецбергер, Зальцбург, Австрия. «Рубецаль музыкалық бағы» және «Таулар аруағы» фестивальдері аясындағы 10 күндік шеберлік сабағы, Еления Гора, Польша, 2015 ж.
  • Миетта Сигеле, Микела Сбурлати. 10 күндік шеберлік сыныбы және «Musicarivafestival» және «Альпі классикасы» екі фестивалінің концерттеріне қатысу, Рива дель Гарда, Италия, 2017 ж.

Репертуар

Флора («Травиата» Дж. Верди)

Маддалена («Риголетто» Дж. Верди)

Ольга, Ларина («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Мерседес («Кармен» Ж. Бизе)

Сильвия («Желіккен жесір» Ф. Легар)

Алиса ("Лючия ди Ламмермур" Г. Доницетти)

Зибель ("Фауст" Ш. Гуно)

Золушка ("Золушка" Дж. Россини)

Берта ("Севильдік шаштараз" Дж. Россини)

Сузуки ("Мадам Баттерфляй" Дж. Пуччини)

Лючия ("Сельская честь" П. Масканьи)

Кончаковна ("Князь Игорь" А. Бородин)