Олег Татамиров

Олег Татамиров

02.10.1981

Білімі

2000 жылдан 2004 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан музыка колледжінде «Жеке ән айту» мамандығы бойынша білім алған.

2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын «Опералық әнші» мамандығы бойынша (оқытушысы Қожабаев Б.Қ. сыныбында) бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

2009 жылдан Абай атындағы ҚазҰОБТ солисі.

Байқаулар

  • «Театр өнері» категориясы бойынша тұңғыш президент қорының иегері, 2014 ж.
  • «Таңғажайып романспен» орыс романс орындаушыларының VI, IX халықаралық байқауының дипломанты және V халықаралық байқауының лауреаты.

Репертуар

Молда, Қожағұл («Біржан - Сара» М. Төлебаев)

Князь Орловский («Жарғанат» И. Штраус)

Ренато («Бал-маскарад» Дж. Верди)

Марулло («Риголетто» Дж. Верди)

Жермон («Травиата» Дж. Верди)

Вольфрам («Тангейзер» Р. Вагнер)

Белькоре, Дулькамара («Махаббат сусыны» Г. Доницетти)

Ротный («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Селим («Сарайдан алып қашу» В. А. Моцарт)

Негуш («Желіккен жесір» Ф. Легар)

Қажен («Ер Тарғын» Е. Брусиловский)

Ямадори («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини)

Лоренцо («Капулетти мен Монтекки» В. Беллини)

 

Шығармашылық жобалар

2017 жылы «EXPO 2017 Astana» мәдени бағдарламасы аясында Густав Малердің №8 симфониясын қоюдың халықаралық жобасына қатысып, баритон партиясын орындады.

Минск, Берлин, Вена, Париж, Ыстамбұл, Дубай, Бейжің, Үрімші, Патра, Астана, т.б. қалаларының концерттік алаңшаларында өнер көрсетті.

«Алматы Концерт», «Қазақ әуендері», Алматы қаласының мәдениет басқармасы, Астана қаласының Мәдениет басқармасы, Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрі, «Таңдау» сияқты концерттік ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.