Эмиль Сакавов

Эмиль Сакавов

21.07.1988

Білімі

2007 - 2012 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында білім алған (ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, академик Әбілов Ш.Қ. сыныбы).

2012 - 2014 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының магистратурасында оқыды (ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, академик Әбілов Ш.Қ. сыныбы).

Жұмыс тәжірибесі

2012 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал өнері» кафедрасының опералық студиясының иллюстрациялаушы-концермейстері.

2014 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Вокал өнері» кафедрасының оқытушысы.

2015 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰОБТ солисі.

Байқаулар

  • Халықаралық вокалшылар байқауының I-ші жүлдесінің иегері, Лониго, Италия, 2009 ж.
  • Б. Төлегенова атындағы IV-Халықаралық вокалистер байқауының I-ші жүлдесінің иегері, Алматы, Қазақстан, 2010 ж.
  • XIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің III жүлдесінің иегері, Астана, Қазақстан, 2010 ж.
  • З. Исмагилов атындағы II-Халықаралық музыканттар мен орындаушылар байқауының I-ші жүлдесінің иегері, Уфа, Ресей, 2011 ж.
  • II-ші Халықаралық I-ші сыйлықтың иегері Л.П. Александровская, Минск, Беларусь, 2012 ж.
  • С.В. Рахманинов атындағы V Халықаралық музыканттар байқауының дипломанты, Санкт-Петербург, Ресей, 2012 ж.
  • «Қазақ романсиадасының» XVI Халықаралық романс орындаушылары байқауының I-ші жүлдесінің иегері, Шымкент, Қазақстан, 2013 ж.
  • «Романсиада 2013» XVII Мәскеу Халықаралық орыс романс орындаушылары байқауының I-ші жүлдесінің иегері, Мәскеу, Ресей, 2013 ж.
  • ҚР Президенті Н.Назарбаев атындағы магистратура шәкіртақысының иегері, 2013 ж.
  • «Vissi d’Arte» Халықаралық вокалдық байқауының II-ші жүлдесінің иегері, Прага, Чехия, 2015 ж.
  • VIII Халықаралық вокалдық және фортепианолық дуэттердің «Классикалық романстың үш ғасыры» байқауының III сыйлығының иегері, Санкт-Петербург, Ресей, 2016 ж.
  • I Халықаралық «Eurasian Music Games» байқауының I жүлдесінің иегері, Астана, Қазақстан, 2017 ж.
  • Римский-Корсаков атындағы ХІ Халықаралық жас опера әншілерінің байқауының II жүлдесінің иегері, Тихвин, Ресей, 2018 ж.

Репертуар

Евгений Онегин («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Эскамильо, Данкайро («Кармен» Ж. Бизе)

Граф ди Луна («Трубадур» Дж. Верди)

Белькоре («Махаббат сусыны» Г. Доницетти)

Марсель («Богема» Дж. Пуччини)

Шарплес («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини)

Жиенқұл, Молда («Біржан - Сара» М. Төлебаев)

Шабарман, Ботахан («Абылай хан» Е. Рахмадиев)

Баритон партиясы («Кармина Бурана» К. Орф)

Елецкий («Пиковая дама» П. Чайковский)

Алеко («Алеко» С. Рахманинов)

Жорж Жермон («Травиата» Дж. Верди)

Энрико («Қоңырау» Г. Доницетти)

Граф Альмавива («Фигароның үйлену тойы» В. А. Моцарт)

Роберт («Иоланта» П. И. Чайковский)

 

Мастер-класстар мен шығармашылық жобалар

2013 - 2016 жж. аралығында шеберлік сабақтарын РКФСР халық әртісі С.П. Лейферкус, Ресейдің халық әртісі В.Н. Чернов, РКФСР халық әртісі А.С. Ворошило, РФ еңбек сіңірген өнер қайраткері Д.Ю. Вдовин және т.б. қайраткерлерден өтті.

 

«Воронеж – Достастықтың мәдени астанасы» мемлекетаралық бағдарламасының бірқатар концерттеріне қатысты (Воронеж, Ресей, 2015 ж.)

ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеуге арналған концертіне қатысты (Париж, Франция, 2016 ж.)

Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында Франциядағы Алматы қаласының мәдениет күндері концертіне қатысты (Ренн, Франция, 2016 ж.)

Мемлекеттік Кремль сарайында «Кремльдегі Романсиада жұлдыздары» концертіне қатысты (Мәскеу, Ресей, 2017 ж.)

Абай атындағы ҚазҰОБТ-ның Италиядағы гастрольдік сапарына қатысты (Рим, Италия, 2017 ж.)

Грузиядағы Абай атындағы ҚазҰОБТ гастрольіне қатысты (Тбилиси, Грузия, 2018 ж.)

Жас дипломаттардың II Халықаралық форумына қатысты (Сочи, Ресей, 2018 ж.)

 

Қазақстандағы және шетелдегі халықаралық опера фестивальдеріне тұрақты түрде қатысады.