Жәмилә Баспақова

Жәмилә Баспақова

 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі

 

Білімі

1992 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген, профессор Құрманғалиева С. Г. сыныбы.

Озимо қаласының Опера өнері академиясы, профессор Марио Мелани сыныбында оқыды, Италия.

Жұмыс тәжірибесі

1994 жылдан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші опера солисі.

2013 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының "Вокал өнері" кафедрасында сабақ береді.

Байқаулар

  • К. Байсейітова атындағы конкурстың лауреаты, 1991.

Марапаттары

  • Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1994 жылы 26 мамырда «Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді, 1999 ж.

Репертуар

Мюзетта («Богема» Дж. Пуччини)

Микаэла («Кармен» Ж. Бизе)

Розалинда («Жарғанат» И. Штраус)

Лючия («Лючия ди Ламмермур» Г. Доницетти)

Адина («Махаббат сусыны» Г. Доницетти)

Джильда («Риголетто» Дж. Верди)

Розина («Севильдік шаштараз» Дж. Россини)

Томирис («Томирис» А. Серкебаев)

Лю («Турандот» Дж. Пуччини)

Виолетта («Травиата» Дж. Верди)

Маргарита («Фауст» Ш. Гуно)

Марфа («Патша қалыңдығы» Н. Римский-Корсаков)

Венера («Тангейзер» Р. Вагнер)

Оскар («Бал-маскарад» Дж. Верди)

Констанца («Похищение из Сераля» В. А. Моцарт)

Ганна («Желіккен жесір» Ф. Легар)

Сопрано партиясы («Кармина Бурана» К. Орф)