Марина Өмірбекова

Марина Өмірбекова

27.06.1963

Білімі

1986 жылы А. П. Исакова сыныбында фортепиано сыныбы бойынша Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітірді.

1999 жылы Н. С. Жарасов сыныбында «симфоникалық оркестр дирижеры және опера дирижеры» мамандығы бойынша ассистентура-тағылымдаманы бітірді.

Дипломдық жұмысы - Дж. Россинидің «Брачный вексель» спектаклі.

Жұмыс тәжірибесі

1986 жылдан бастап Абай атындағы ҚҰОБТ-нда концертмейстер жұмысын атқарады.

Вокалшылардың көптеген Республикалық және Халықаралық конкурстарына қатысты.

Алматы, Астана, Қарағанды, Оренбург, Астрахань және басқа қалаларда өткен жетекші опера жеке орындаушыларымен көптеген тақырыптық және жеке концерттерді дайындап өткізді.

А. Жұбанов атындағы музыкалық мектеп оркестрінің, Абай атындағы ҚҰОБТ симфониялық оркестірінің концерттеріне дирижерлік етті.

Абай атындағы ҚҰОБТ және К. Байсейітова атындағы опера және балет театрында Дж. Россинидің «Севильдік шаштараз», «Брачный вексель», И. Штраустың «Жарғанат» операларына дирижерлік етті.