Марина Алтухова

Марина Алтухова

10.08.1991

Білімі

2010 - 2014 жылдары - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «фортепиано» мамандығы бойынша профессор Г. С. Нұрланованың сыныбында оқиды.

2014 - 2016 жылдары – Құрманғазы атындағы ҚҰК магистрі, фортепиано мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор Әубәкірова Ж.Я. сыныбында оқыды.

Консерваторияда оқу кезінде М. Воскресенский, Н. Трулль, О. Маршев, П. Генюшас, П. Лаула, А. Володин, Н. Серегина және т.б. шеберлік сабақтарына қатысты.

 

Жұмыс тәжірибесі

2012 - 2015 жылдары – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ҚР еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, академик Ш. Қ. Әбілов-тың концертмейстері.

2015 жылдан - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының опера труппасының концертмейстері болып жұмыс істейді.

Қоюшы-концертмейстер: Ж. Бизе «Кармен», Дж.Верди «Риголетто», Дж.Россини «Золушка», «Севильдік шаштараз», Р. Леонкавалло «Паяцы», П. Масканьи «Ел намысы», П. И. Чайковский «Евгений Онегин», Г. Доницетти «Дон Паскуале», Менотти «Телефон», А. Қазақбаев «Жамбыл-жырау». Театрда жұмыс істеген кезінде, ол Алан Бөрібаев (Қазақстан), Витторио Парижи (Италия), Кристофер Окайзек (АҚШ), Джузеппе Аквавива (Италия) сияқты дирижерлермен, режиссерлер: Лоренцо Мариани (Италия), Ирина Лычагина, Михаил Панджавидзе (Ресей), Маттео Маццони (Италия), Кристин Хукке (Чили) және т.б.-мен қызметтес болды.

2016 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оқытушысы.

2019 жылдан бастап Е. Образцова атындағы мәдениет орталығындағы Халықаралық шығармашылық мектебінің шақырылған оқытушысы.

Опера жас әншілерінің Е. Образцова атындағы халықаралық байқауының ұжымдық концертмейстері.

 

ТМД қатысушы мемлекеттердің мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры жанындағы «Форум плюс» журналының шақырылған шолушысы.

 

Марапаттары

  • Л. П. Александровский атындағы ІІ халықаралық вокалистер байқауының «Үздік концертмейстері» дипломының иегері, Минск қаласы, Беларусь, 2012.
  • С. В. Рахманинов атындағы V халықаралық музыканттар байқауының дипломанты, Санкт-Петербург қаласы, Ресей, 2012.
  • «Романсиада» XVI халықаралық романс орындаушылары байқауының дипломанты, Шымкент қаласы, Қазақстан, 2013.
  • «Үздік концертмейстер» дипломы. «Дарындылар планетасы» қоры, Санкт-Петербург қаласы, Ресей, 2014.
  • «The Silver fork» халықаралық музыканттар байқауының І дәрежелі лауреаты, Санкт-Петербург қаласы, Ресей, 2014.
  • М.И.Глинка атындағы XXV халықаралық вокалистер байқауының дипломанты, Мәскеу қаласы, Ресей, 2014.
  • Халықаралық музыканттар байқауының І дәрежелі лауреаты, Санкт-Петербург қаласы, Ресей, 2014.
  • «Vissi d’arte» Пуччини атындағы ІІІ халықаралық опера әншілері байқауының «Үздік концертмейстері» лауреаты, Прага қаласы, Чехия, 2015.
  • «Классикалық романстың үш ғасыры» атты VIII халықаралық вокалдық-фортепианолық дуэттер байқауының ІІІ дәрежелі лауреаты, Санкт-Петербург қаласы, Ресей, 2016.
  • М. Юдина атындағы жас пианистер, фортепиано дуэттері мен камералық ансамбльдердің XVIII халықаралық байқауының 1-ші жүлде иегері, Санкт-Петербург, Ресей, 2017.
  • Гран-при және А. Немтин атындағы VI халықаралық конкурстың 1-ші жүлдесінің лауреаты, Пермь, Ресей, 2018.
  • Өнер саласындағы шығармашылық жетістіктері үшін Қазақстан театрлар қауымдастығының дипломы, 2019.
  • XIII халықаралық байқауының Елена Образцованың жас опера әншілерінің арнайы жүлдесі, Санкт-Петербург, Ресей, 2021.
  • Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің грамотасы, 2021.

 

«Түрiксой» халықаралық ұйымының 20-жылдығына арналған концерттерге қатысқаны үшін «Turksoy» ұйымынан алғыс хат, 2013ж.

Белсенді концерттік қызмет жүргізеді. Нұржамал Үсенбаева (Қазақстанның Халық әртісі, Абай атындағы МАОБТ), Владимир Чернов (Ресейдің Халық әртісі; Мариин театры, Метрополитан опера), Бранислав Ятич (Сербияның Еңбек сіңірген әртісі, Нови-Сад қ. театры), Олег Мельников (Беларусьтің Еңбек сіңірген әртісі, Беларусь Республикасының Үлкен театры), Светлана Москаленко (Михайлов театры, Ресей), Елена Кончар (Нови-Сад қ. театры, Сербия) сияқты тағы басқа көптеген опера әншілерімен қызмет етеді. Михаил Искров (Стамбул опера театры, Түркия), Михаил Синкевич (Мариин театры, Ресей) сияқты дирижерлермен жұмыс істеген.

 

Репертуар

А. Жұбанов, Л. Хамиди «Абай»

П. И. Чайковский «Евгений Онегин», «Пиковая дама», «Иоланта»

С. Рахманинов "Алеко"

Ж. Бизе «Кармен», «Искатели жемчуга»

Дж. Верди «Трубадур», «Травиата», «Риголетто»

Ш. Гуно «Фауст»

Дж. Пуччини «Богема», «Мадам Баттерфляй»

Дж. Россини «Севильский цирюльник», «Золушка»

Ф. Легар «Весёлая вдова»

И. Штраус «Жарғанат»

Г. Доницетти «Любовный напиток», «Дон Паскуале»

К. Орф «Кармина Бурана»

Р. Леонкавалло «Паяцы»

П. Масканьи «Сельская Честь»

Менотти «Телефон»

М. Таривердиев «Ожидание»

А. Қазақбаев «Жамбыл-Жырау»