Әсел Давлетьярова

Әсел Давлетьярова

Білімі

1994 – 1999 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын концертмейстер мамандығы бойынша бітірді.

1999 – 2002 жж. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концертмейстерлік шеберлік мамандығы бойынша аспирантураны бітірді.

Марапаттары

Баку қаласының Бюль-Бюль атындағы вокалшылар конкурсының дипломанты, 2000.

Жұмыс тәжірибесі

1999 жылдан бастап КСРО халық әртісі, профессор Р. Ү. Жаманова сыныбындағы жеке ән салу кафедрасының концертмейстер жұмысын атқарды.

2002 жылы «Кафедраның жетекші концертмейстері» біліктілігі берілді.

2001 жылдан бастап КазССР еңбек сіңірген әртісі, профессор Н. А. Шарипова сыныбында концертмейстерлікті қатар алып жүрді.

2006 жылы – КСРО халық әртісі, профессор Е. Б. Серкебаевтың сыныбында концертмейстер болды.

2008 жылдан бастап Абай атындағы ҚҰОБТ опера труппасының концертмейстері.

Опера солистерімен тақырыптық концерттер өткізді.

2011 жылдың маусымында Мерсин, Ыстамбұл, Гирне (Кипр) қалаларында өткен Халықаралық «ТҮРІКСОЙ» фестиваліне шақырылды.

2011 жылдан бастап «ТҮРІКСОЙ» халықаралық опера әншілерінің фестивалінде жауапты концертмейстер болып тағайындылды.

 

Опера концертмейстері ретінде опера қойылымдарына қатысты:

Г. Доницетти «Махаббат сусыны», 2009 ж.

Р. Вагнер «Тангейзер», 2010 ж.

Дж. Верди «Бал маскарад», 2011 ж.

Ф. Легар «Желіккен жесір», 2012 ж.

В. А. Моцарт «Дон Жуан», 2013 ж.

және басқалары.