Орынгүл Нұржанқызы

Орынгүл Нұржанқызы

Білімі

2000 - 2008 жж. - А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі. Дипломы «Балет әртісі».

2008 - 2013 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Бакалавр дипломы. «Хореография режиссері» мамандығы.

2013 - 2015 жж. – Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Өнертану ғылымдарының магистрі. Хореография режиссері.

Жұмыс тәжірибесі

2008 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасына қабылданды.

Байқаулар

  • «Көктем - 2006» I түрлендірмелер байқауының 1 -дәрежелі лауреаты, 2006 ж.
  • «Өрлеу» хореографиялық мекемелердің Халықаралық байқауының 2-дәрежелі лауреаты, 2008 ж.

  • «XXI ғасырдағы Алаштың жарқын жолы» Ұлттық байқауының 3-дәрежелі лауреаты. «Әлихан Бөкейхан» 2 актілі балеті, 2016 ж.

Репертуар

Китри, Гүлші қыздар, Амур («Дон-Кихот» Л. Минкус)

Қытай қуыршағы, Екілік қар бүршігі («Щелкунчик» П. Чайковский)

Па-де-труа, Кішкентай аққулар («Аққу көлі» П. Чайковский)

Па-де-де, Құрбылар, Екілік вилис («Жизель» А. Адан)

Қоңыраугүл («Бақшасарай фонтаны» Б. Асафьев)

Бақташы қыздар («Спартак» А. Хачатурян)

Тастар, Күтуші қыздар, Қызыл телпек («Ұйқыдағы ару» П. Чайковский)

Құрдастар, Тарантелла үштігі («Ромео мен Джульетта» С. Прокофьев)

Құдай ана («Юнона және Авось» А. Рыбников)

Құрбылар ("Коппелия" Л. Делиб)

Қыз бала ("Сильфида" Г. Левенсхольд)

Екілік балықшы әйелдер («Корсар» А. Адан)

Үштік аттар («Фрескалар» Т. Мыңбаев)

Пиццикато Вариациясы («Ұлы вальс» И. Штраус)

Нафа, Ақ тиін («Үш торай» С. Кибирова)