Аружан Баратова

Аружан Баратова

Білімі

Оңтүстік-Орал мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық университеті. Бағыты: педагогикалық білім. Бейіні: хореография мамандығы бойынша қосымша білім.

Жұмыс тәжірибесі

2018 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰОБТ балет труппасының солисі.

Бауқаулар және фестивальдер

  • «Silk Way» I-ші Халықаралық хореографиялық өнер байқау-фестивалінің II-дәрежелі лауреаты, Астана, 2016 ж.
  • «Өрлеу» хореографиялық мекемелердің халықаралық байқауының дипломанты, Алматы, 2016 ж.
  • 18-24 наурыз аралығында «Nevruz Etkinlikleri» халықаралық фестивалі, Амасия, Түркия, 2016 ж.
  • Классикалық хореография халықаралық байқау-фестивалінің I-дәрежелі лауреаты, номинация бойынша: соло (кәсіпқойлар), Санкт-Петербург, Ресей, 2017 ж.
  • «Rigas Pavasaris 2017» халықаралық жас хореография байқауының II-дәрежелі лауреаты (классикалық номинация), Рига, Латвия, 2017 ж.
  • «Қазақстан раушандары» хореографиялық өнердің халықаралық конкурс-фестивалінің I-дәрежелі лауреаты (классикалық би номинациясы (дуэт)), Алматы, 2018 ж.
  • «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының халықаралық байқауының III-дәрежелі лауреаты, Алматы, 2018 ж.

Репертуар

Дриада патшайымы, Вставная вариация («Дон Кихот» Л. Минкус)

11-ші вальс («Шопениана»)

Күн вариациясы («Коппелия» Л. Делиб)

Сирень перісі, Үлкен күтуші ханымдар («Ұйқыдағы ару» П. Чайковский)

Одетта - Одилия, Үлкен аққулар, орыс қалындығы, мажар қалындығы, поляк қалындығы («Аққу көлі» П. Чайковский)

Құрбы-құрдастар («Ромео және Джульетта» С. Прокофьев)

Трио («Корсар» А. Адан)

«Абай» операсынан Адажио (А. Жұбанов, Л. Хамиди)

«Желіккен жесір» операсынан «Апачи» биі, халық биі орталығы (Ф. Легар)

«Қыз Жібек» операсынан Адажио (Е. Брусиловский)

Испан биі, Шығыс биі («Щелкунчик» П. Чайковский)

Мирта («Жизель» А. Адан)