Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы

Директор
09.05.1963
Бөкебаев Нұрбақыт Әбдіғалиұлы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениет қайраткері, мәдениеттанушы-ғалым, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының директоры және Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының ұстазы.
Алматы облысы, Шелек ауданының Ащысай ауылында дүниеге келген. 1980 жылы осы ауылдағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепті тәмамдаған.
1981 - 1983 жыл аралығында әскери борышын өтеген.
1985 - 1987 жыл аралығында Республикалық эстрада цирк студисын вокал бөлімінен аяқтап, 1987-1991 жыл аралығында Алматы театр өнері институтын «кино және драма актеры» мамандығы бойынша Халық артистері - Асқар Тоқпанов, Шолпан Жандарбекова, Тілектес Мейрамовтан тәмамдаған.
1991-1992 жыл аралығында Қазақконцерт бірлестігінің солисі, концерт жүргізушісі, әкімшісі болып қызмет атқарды.
1992-1995 жылдары Алматы қаласында Мәдениет министрлігінің бас маманы, 1995-1998 жыл аралығында Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада цирк колледжісінің актер бөлімінің меңгерушісі және Т. Жүргенов атындағы Кино және өнер институтында актер шеберлігі мен сахна тілінен дәріс берді.
1998 - 2000 жылдары аралығында Т. Жүргенов атындағы Кино және өнер институтының проректоры қызыметін атқарды.
2000 - 2005 жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданының Ішкі саясат басқармасының басшысы;
2005 - 2006 жылдары аралығында Алматы қаласының Ішкі саясат департаментінің бас эксперті;
2006 - 2008 жылдары Алматы қаласының Кіші Ассамблеясының төрағасы;
2008-2010 жылдары Астана қаласында Мәдениет министрлігі Өнер басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2010 - 2012 жылдары Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театры директорының бірінші орынбасары;
2012 - 2015 жыл аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директорының бірінші орынбасары;
2016 - 2022 жылдары Қазақ мемлекеттік циркінің директоры қызыметтерін атқарды.
2022 ж. ақпан айынан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры.