Тоқанов Дулат Болатұлы

Тоқанов Дулат Болатұлы

Директордың шығармашылық ісі жөніндегі орынбасары

09.02.1982

Білімі

1998 жылы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Музыкалық драма және эстрада факультетіне, профессор Сегізбаев Есім Жүкенұлының шеберханасына оқуға түсті. Сембин Амангелді Нақыпұлы сыныбында вокал бойынша білім алды.

2002 жылы оқу орнын үздік бітірді. Дипломдық қойылымдарда И.Кальманның «Мистер Икс» опереттасындағы Мистер Икс, Қ. Кенжетаевтің «Алдар көседегі» Алаша хан, А. Спадавеккианың «Золушкадағы» Ертегіші, Аңшы-егерь, Көшір рөлдерін сомдады.

2002 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына КСРО халық әртісі, профессор Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлының сыныбына оқуға түсті.

Жұмыс тәжірибесі

2006 - 2008 жылдары - Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында опералық труппаның стажеры.

2008 жылдың 15 қазанынан бастап бүгінгі уақытқа дейін - Абай атындағы ҚҰОБТ опера труппасының әртіс-жеке орындаушысы, дауысы - лирикалық баритон.

Байқаулар

  • Б. Төлегенова атындағы Бірінші халықаралық вокалистер конкурсының дипломанты.

Репертуар

Көкбай («Абай» А. Жұбанов, Л. Хамиди)

Абылай хан, Шарыш («Абылай хан» Е. Рахмадиев)

Есен («Еңлік - Кебек» Ғ. Жұбанова)

Серке («Айсұлу» С. Мұхамеджанов)

Қожағұл, Жиенқұл, Молда («Біржан - Сара» М. Төлебаев)

Бекежан («Қыз Жібек» Е. Брусиловский)

Тарғын, Қапан («Ер Тарғын» Е. Брусиловский)

Зурга («Інжу іздеушілер» Ж. Бизе)

Эскамильо, Моралес («Кармен» Ж. Бизе)

Жорж Жермон («Травиата» Дж. Верди)

Фигаро, Фиорелло («Севильдік шаштараз» Дж. Россини)

Пинг («Турандот» Дж. Пуччини)

Белькоре («Махаббат сусыны» Г. Доницетти)

Евгений Онегин, Ротный («Евгений Онегин» П. Чайковский)

Дон Жуан («Дон Жуан» В. А. Моцарт)

Баритон партиясы («Кармина Бурана» К. Орф)

Каскада («Желіккен жесір» Ф. Легар)

Сильван («Бал-маскарад» Дж. Верди)

Офицер («Риголетто» Дж. Верди)

Ямадори («Мадам Баттерфляй» Дж. Пуччини)

Ризничий («Тоска» Дж. Пуччини)