Әлия Темірбекова

Әлия Темірбекова

Бас хормейстер

20.10.1975

"Құрмет" орденінің иегері

Әлия Темірбекова жиырма жылдан астам уақыт бойы Абай атындағы ҚҰОБТ-нда хормейстер қызметін атқарып келеді.

2008 жылдан бастап театрдың бас хормейстері қызметінде.

Әлия Темірбекова Қазақстанның опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. Театрға келген күннен бастап-ақ, Ә. Темірбекова өзінің жоғары шеберлігімен қоса, өз кәсібін өте жақсы меңгергендігін, өзі таңдаған хормейстер мамандығына шексіз беріле қызмет атқаратын музыкант ретінде көрсете білді. Ол соңғы 20 жыл ішінде қазақ, орыс және батыс еуропалық композиторлардың спектакльдерінің барлық хор репертуарларын дайындады. Хормейстердің шығармашылық кемеліне жетуі мен оның жарқын ұйымдастырушылық қабілеті Абай атындағы ҚҰОБТ хорының әлемдік классиктердің операларының хор музыкасын жоғары көркемдік деңгейде орындауына мүмкіндік береді.