Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы тағайындалды.

13.02.2024

Бүгін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театры директордың міндетің атқарушы лауазымына Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды.

Жаңа басшыны театр ұжымына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Шымкентбайұлы Әліқұлов таныстырды.

Құттықтау сөз алғандар қатарында опера труппасының жетекшісі Болат Салтайұлы Бөкенов ұжым атынан Айнұр Сайлаубайқызын жаңа қызметімен құттықтай келе, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова - 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.

1996-1999: аспирантура, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті; 1995-1996: магистратура, əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы қаласы

1990-1995: филология мамандығы, Жамбыл педагогикалық институты, Тараз қаласы

2022 тамызынан бастап: «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК (көркемдік жетекші) 2021-2022: «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК (директор, көркемдік жетекші)

  • "Бөрте" тарихи-драмалық спектаклі;
  • "Фариза" драмалық спектаклі;
  • "Махаббат мұнарасы" лирикалық драма;
  • "Қорқыт туралы аңыз" спектаклі;
  • 2010-2021: «Idea Fabric» ЖШС-лары, (бас продюсер)

Авторлық жобалары:

  • 28-Халықаралық қысқы Универсиаданың ашылу жəне жабылу салтанаты, Алматы (2017 ж.) - авторлық құқық иесі;
  • Халықаралық музыка фестивалі Star of Asia Almaty.kz (2017-2019 ж.) - сценарий, режиссура жəне идея авторы;
  • "Алматының 1000 жылдығы" (2016 ж.);

"Фариза" спектаклінің авторлық құқық иесі, идея авторы, со-режиссері, Москва, Современник театры (2019 ж.)

2001-2011: «Хабар» Агенттігі» АҚ (бас продюсер, бас редактор)

1999-2001: Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ көркем аударма жəне əдеби шығармашылық теориясы кафедрасы (оқытушы)

НАГРАДАЛАРЫ:

  • «Құрмет» ордені;
  • «Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі;
  • «ҚР мəдениет саласының үздігі» медалі;
  • «Құрмет» грамотасы;
  • ҚР Президентінің «Алғыс хаты».