А. Жұбанов, Л. Хамиди «АБАЙ»

25/05 - 18:00

Ұзақтығы: 2 40мин

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар! 

 

А. Жұбанов, Л.Хамиди

 АБАЙ

3 бөлімді опера

М. Әуезовтың либреттосы

 

Қойылымдық топ:

Қазақ КСР халық әртістері, Сталин сыйлығы лауреаттары: Құрманбек Жандарбеков пен Байғали Досымжановтың редакциясындағы қойылым.

Костюм және декорация суретшісі – Құлахмет Қожықов, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Бас хормейстер - Әлия Темірбекова

Хореографиясы – Миңтай Тлеубаев, Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, ҚР халық әртісі

 

І акт 

Дала. Көне мазардың қирандылары. Мұнда бойжеткен Ажар мен оның сүйіктісі Айдар пана іздейді. Олар қуғыннан жасырынуға тырысады. Жылқылардың дауысы естіледі. Қашқындарды Ажардың марқұм күйеужігітінің ағасы Нарымбет ұстап алады. Ежелгі әдет-ғұрып бойынша Ажар Нарымбеттің әйелі болуы керек. Оның қасына Жиренше би еріп жүр. Нарымбет Ажарды ата-бабаларының заңдарын бұзды деп айыптайды және Айдарды ұстауға бұйрық береді.

«Әлсіз қолдарды байлап, тұтқындау қиын емес, бірақ Ажардың жүрегін күштеп жаулап, өзіңе ғашық ете алмайсың», - деп Айдар ашумен айтады. Ажар оның сөздерін растайды. Ол Айдарға мәңгілік адал болуға ант береді.

 Жиренше Айдар мен Ажарды байлап қоюды бұйырады. Олардан ғасырлар бойғы әдет-ғұрыптарды бұзғаны үшін ауыр айып тағылғанының белгісі ретінде бас киімдерін шешіп алады. Ғашықтар қоштасады.

 Жиренше Айдарға арқан лақтырып, ат құйрығына байлауға, сосын атты дала кездіріп, азаптап өлтіруге бұйрық береді. Жанкешті жағдайдағы Айдар өзінің ұстаз әрі жанашыры Абайды шақырады.

«Айт, жолдан тайғандарға аяушылық жоқ!» - деп, Нарымбет ашу-ызаға толы дауысымен қайталайды, бірақ шабандоз аттың басын жіберуге дайын тұрған кезде Абай пайда болады. Абаймен бірге Айдардың достары – Көкбай, Абайдың туысы әрі ақсүйек өкілі Әзім және басқалары келеді. Абай Көкбайға арқанды кесуді бұйырады. Нарымбеттің туысқандары ру басы Жиреншенің басқаруымен ата-баба заңына жүгінгенді сұрайды. Істің немен аяқталатынына сенімді Жиренше өз адамдарына Айдар мен Ажарды босатып жіберуге рұқсат береді де, Абайға бәрібір айтқаның болмайды деп кіжінеді.

Абайдың Семейдегі үйі. Мұнда сот шешіміне келген Ажар мен Айдар. Үйге Әзім кіріп келеді. Әзім оңашада Айдардың Ажармен болуына ұмтылғаны үшін оны соншалықты кінәлі ме деген ойға шомған. Босағада Жиренше кіріп келеді. Жиренше Ажарды ауылға қайтаруға, ал Айдарды ұстап беруді өтініп, Әзімнен көмек сұрайды. Оған қоса Жиренше Абайға деген жеккөрінішін жасырмайды. Әзімді терең ойға батырып, Жиренше кетіп қалады.

Абай, Айдар және Көкбай кіріп келеді. Абайдың қолында Айдардың жаңа поэмасының қолжазбасы бар. Абай сүйікті шәкіртін мақтан тұтады. Айдарды мақтап жатқан тұста күтпеген жерден келген Әзімнің іштарлығы мен қызғанышы оянады. Әзімге Айдардың әндері жауларды ызаландыра түсетіндей көрінеді де, ол қарсыласын елді жауластырғаны үшін кінәлайды. Дегенменде, Абай «үнсіздік ән тудырмайды – күрес қызуы ойды қозғауға мәжбүрлейді» деп есептейді.

Ажарды тыңдау үшін мәртебелі би Сырттан келеді, оны Абай қуана қарсы алады. Сырттан би Ажармен сот алдында жеке сөйлесіп алмақ үшін, Ажарды шақыртуды сұрайды. Қыздар Ажарды алып келеді. Сырттан қызды тура жолдан тайдырған кім деп жалбарына сұрайды. Бірақ, Ажар бойын билеген Айдарға деген кіршіксіз сезімдері туралы баяндайды. Ол Айдармен бірге адал өлімге дайын екендігін жеткізеді.

ІІ акт

Сот. Барлық қатысушылар орындарына жайғасуда. Абаймен бірге екі жақтың билері келеді.

Сырттан би сотты ашық деп жариялайды. Өзінің бастапқы сөзінде Сырттан бұрынғы заңдардың күрделілігін талқылауға шақырады. Жиренше дала тыныштығын сақтауға мүмкіндік беретін бабалар салтын басшылыққа алуды жақтайды. Айптау сөзін Жиренше бастайды. Ол Айдардың дала заңдарын бұзғанын алға тартып, оны қатаң жазаға тартуды сұрайды.

Сөз кезегін Әзім алады. Ол Жібек, Баян және Ләйләнің махаббат дастандарын мысалға ала отырып, адам сезімінің басымдығын жария етеді.

Әзім Сырттан биге қарап, жас әрі қаны тулап тұрған Айдарға аяушылық танытуды өтінеді.

Жиренше Айдардың айтқанына ашуы келіп, оның сөздерінің ғасырлар бойғы дала заңдарына қарсы деп көреді. Сонымен қатар, ол Ажардың ауылға қайтуын талап етеді.

Әзім Жиреншеге қайтадан қарсы шығады. Ол Айдарды құртақандай құсқа, ал Абайды сол құсты қорғаштаған бұтаққа теңейді.

Жиренше Әзімге қарсылық білдіріп, ежелгі заңдарды қатаң сақтауды талап етеді және Айдар сияқты тәкаппар адамдарға мейірімділікті білмейтін Кеңгірбай биден үлгі алуға шақырды. Кеңгірбай Еңлік пен Кебекті өлтіруді бұйырған, Айдарға да осындай жаза қолданылуы мүмкін. Жиренше Абайдың Кеңгірбай сотына оның руының билері де қатысқанын еске салады. Енді Абай олардың көзқарастарына қалай қарсы тұра алады?

Сөз кезегін Абай алады. Ол Жиреншені теріс сөздері үшін айыптайды. Абай көп жылдар бұрын жасалған Кеңгірбай сотының кешірілуіне қарсы. Егер сот әділетсіз шешім шығарса, бәрін көретін халық бар, шындық түбінде су бетіне шығады дейді.

Жұрт жан-жақтан абайды қолдап, шуылдасып кетеді.

Сырттан би жастарға кешірімін береді.

Абай мен оны жақтаушыларының жеңісімен билердің соты аяқталады.

Ақсақалдар сот шешімін шығарылғаннан кейін халық қуана-қуана Абайды, Айдар мен Ажарды құттықтайды. Бәрі тарқайды.

Тек Жиренше, Нарымбет және Мес қалады. Олар жеңіліс табуының басты себепшісі Абай деп есептеп, оны өлтірмекке серт береді. «Абай – менің бітіспес жауым. Оның көзін құртпасам, атым өшсін». Нарымбет Жиреншеге у береді.

 

ІІІ акт

Байларға лайық жиылған киіз үй. Той алдындағы қарбалас. Барлығы шат-шадман.

Көкбай Қарлығаштың көңілін табуға тырысуда, бірақ шын ниетіне күдік келтірген бойжеткен оның сөздерін қалжыңға айналдырады. Абай, Айдар мен Әзім кіреді. Абай жолы болмаған жігітке күліп, Көкбай мен Қарлығашты үйлену тойы салтанатында өнер көрсетуге дайындалуға жібереді. Айдардың ән салуын сұраған халықтың дауыстары естіледі. Әзім жаңа толқулар басталуынан сескеніп, Айдардан Еңлік туралы ән айтпауын сұрайды. Барлығы Айдардың жаңа «Еңлік-Кебек» поэмасына тәнті. Абай шәкіртінің жетістігіне шынайы қуанады. Бірақ Әзім бұған қуанышты емес. Әзімнің жүрегі іштарлық пен кекке толы, өйткені, Айдарды халық жақсы көреді, бәрінен де оны Абай құрметтейді. Ол жас талантты ақынды өлтіруді шешеді. Айдардың дұрыс жолмен жүрмегендігін алға тартып, тіпті Абайды да еліктіріп алды деп өзін ақтайды. Әзім бабалар заңының әділдігіне сенеді.

Той басталады. Мерекелік би биленіп, одан кейін – қадірлі туыстары мен қонақтарға сәлем салатын келіннің бетін ашу салтанаты басталады. Осы сәтті пайдаланған Әзім Жиреншеден алдын ала алған у құйылған ыдысты Айдарға береді. Айдардан тағы ән айтуын сұрайды. Ол «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін айтады, бірақ күтпеген жерден құлап түседі. Айдардың әні осылайша үзіледі.

Айдар өлім үстінде. Ол Ажармен қоштасып, аз ғана уақыт бірге болғанына өкінішін білдіруде. Абай мен Ажар ауыр қайғы үстінде. Айдар: «Адам қарғыстан өлуі мүмкін бе?», – деп сұрайды. Абай мұны жоққа шығарады.

Бәрі аң-таң. Айдардың денесі қарайып кеткен. Бұл у. Абай Көкбайға халықты жинауды тапсырып, болған жайды қайғыра хабарлайды. Халық ашуға мініп, у берген адамды табуды талап етеді. Халық ашу үстінде оның мойындауын күтеді, бірақ Жиренше кінәлі еместігі туралы Сырттан бидің алдында ғана серт беретінін айтады. Ол сертін қабылдайды. Сол сәтте Жиренше Әзімнің де серт беруін сұрайды. Бірақ, ол бас тартады. Оның артынан қарғыс айтылады және аттың құйрығына байланып, жазаланады.

Айдар жан тәсілім етеді. Ажардың қаралы жоқтауы.

Абай осы түнектің ішінде жалғыз, бірақ оның күш-қуаты мұқалмақ емес, жүрегінен шыққан отты жырлары Мәңгілік Ел ұлы жолына сәулесін шашып, туған халқына жөн сілтеуде.

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Абай................................................................ЕСЕНГЕЛДІ РЗА (алғашқы орындауы)

Ажар, Айдардың ғашығы............................. ЗАРИНА АЛТЫНБАЕВА

Айдар, ақын, Абайдың шәкірті .................. ДАРХАН ЖОЛДЫБАЕВ

Жиренше, би................................................ ЕВГЕНИЙ ШАГАРОВ (алғашқы орындауы)

Әзім: Абайдың туысы әрі шәкірті...............БАЛУАН БЕРКЕНОВ (алғашқы орындауы)

Қарлығаш: Абайдың туысы.........................ОКСАНА ДАВЫДЕНКО

Көкбай: ақын, Абайдың жас досы ............ АЙДОС ЖАБАҒИН

Сырттан: жоғарғы би, ақсақал .................... ТАИР ТАЖІ

Мес: Нарымбеттің нөкеріндегі жігіт.......... НҰРҒАЛЫМ АМАНБАЙ

Нарымбет - Жиреншенің туысы.................. ИСЛАМ ХАМЗАЕВ

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

Дирижер - ҚУАНЫШ ИСМАИЛОВ

* Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*