РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН "АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ"

793 көрермендер орны бар Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимараты қазіргі таңда Алматы қаласының танымал көрікті жерлерінің бірі болып табылады.

Заманауи Абай атындағы опера балет театры – шығармашылық құрамында өз өнерлерін атақты сахна шеберлерімен қоса шындап келе жатқан жас таланттары бар Еуразиядағы үлкен театрлардың бірі.

Театр тарихының шешуші сәттері

1933
Музыкалық студияның ашылуы

1933 жылы 29 қыркүйекте Алматыда Қазақтың АКСР Халық ағарту Комиссариаты алқасының шешімімен елу актерден, симфониялық оркестрдің жиырма музыкантынан және ұлттық оркестрдің он екі адамынан құрылған музыкалық студия ашылды.

1936
Театр ғимаратының құрылысы

1933 жылы Бүкілодақтық байқауда жұмысы үздік болып танылған мәскеулік сәулетші Н.А.Кругловтың жобасы бойынша театрдың ғимаратының құрылысын сәулетшілер Н.А.Простаков пен Т.К.Басенов 1936 жылы бастап, 1941 жылы аяқтады.

1934
Театрдың пайда болуы

Халық ағарту Комиссариаты шешіміне сәйкес алғашқы «...қазақтың музыкалық опера және балет театры» ашылу құрметіне 1934 жылы 13 қаңтарда көпшілік алдында бірінші рет М.О.Әуезовтың пьесасы бойынша музыкалық студияның күшімен «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы орындалды.

1941
Ашылуы

1941 жылы 7 қарашада Театр өз ғимаратында жұмысын бастады. Осы жылы театр академиялық мәртебесін алып, 1945 жылы Абай есімі берілді.

1995-2000
Ғимаратты қайта қалпына келтіру

1995 жылдың маусымынан 2000 жылдың 13 желтоқсанына дейін Театр ғимаратында итальяндық классицизмі мен Қазақстанның сәулет өнеріндегі ұлттық үлгісінің дәстүрлі элементтерімен үйлестірілген негізгі архитектуралық стиль - ампирды сақтай отырып үлкен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ғимаратты қайта қалпына келтіру

Жалпы алғанда ғимараттың декоры мен көркемдік – стилі сақталды, ал екінші қабаттағы фойе мен көрермендер залының өрнектеріне «Алтын адам» костюмын әшекейлеген орнаменттердің элементтері қосылды. Қазақтың халық өнерінің дәстүрінің байлығы мен әртүрлілігі театрдың басқа да ішкі көрінісін өрнектеуде қолданыс тапты