П. И. Чайковский АҚҚУ КӨЛІ

26/05 - 18:00

Ұзақтығы: 2 30мин

* Құрметті көрермен!

Үшінші қоңыраудан кейін, көрермендер залына кіруге тыйым салынады.

Кешігіп қалған жағдайда, үзіліс уақытында орындарыңызға өте аласыздар!

П. И. Чайковский

АҚҚУ КӨЛІ 

Екі актілі балет

Либреттосы В. П. Бегичев және В. Ф.Гельцер

хореографиясы М. Петипа және Л. Иванов

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының редакциялық жаңартылған қойылымы ҚР Халық әртісі Г. Түткібаева

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы хореограф – ГҮЛЖАН ТҮТКІБАЕВА, ҚР Халық әртісі

Музыкалық жетекшісі – АСҚАР БӨРІБАЕВ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф және костюм бойынша суретші – ВЯЧЕСЛАВ ОКУНЕВ, Ресейдің халық суретшісі, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты

Жарық қоюшы – Юлия Каракаева

 

І акт

Атақты ханшайымның сарайының алдындағы бақта жастар көңіл көтеруде.

Ханшайым, ұлы Зигфридке ертең болатын әсем кешке келетін қыздардың арасынан өзіне қалыңдық таңдап алуы керектігін ескертеді. Зигфридті анасының сөзі елеңдетпейді, өзіне ұнайтын қызды ол әлі кездестірген жоқ.

Қараңғылық айналаны қоршады, Зигфрид өзінің еркін өмірінен айрылғысы келмейді, оның қиялындағы ару қыз қайда екен?

Достарының әзіл - қалжың әңгімесі Зигфридке әсер етпейді, оның назары ұшып бара жатқан аққулар легінде. Зигфрид солардың соңынан ереді.

Аққулар Зигфридті қалың тоғайдағы көлдің жағасындағы құлаған сарайдың орнына әкеледі. Жағаға шыққан аққулар айналып, би билейді. Зигфридтің көзі әдемі қызға айналған аққуға түседі. Қыз Зигфридке өзінің және құрбыларының басына түскен қиындықты ашады: зұлым сиқыршы Ротбарт оларды аққуларға айналдырған, тек түнде, осы қираған сарай орнында ғана олар адам кейпіне ене алады. Аққу қыз Одеттаның қайғылы әңгімесін есіне алған Зигфрид, зұлым сиқыршыны өлтіруге дайын екендігін айтады. Одетта оны өлтіргеннен ешнәрсе өзгермейтіндігін, тек қана бұрын ешкімге ғашық болмаған жас жігіттің шынайы махаббаты ғана қарғысты жеңетіндігін айтады. Зигфрид Одеттаға мәңгілік махаббаты жайлы ант етеді. Олардың әңгімесін зұлым сиқыршы естиді.

Таң атады. Қыздар қайтадан аққуларға айналуы керек. Зигфрид, өзінің сезімі арқылы Одеттаны құтқаратындығына кәміл сенімді. 

ІІ акт  

Салтанатты кеш қонақтары жиналуда. Алты қыздың арасынан Зигфрид өзіне қалыңдық таңдауы керек. Зигфридтің ойы тек Одеттада ғана.

Шақырылмаған қонақ – зұлым сиқыршы Ротбарт өзінің Одеттадан айнымайтын қызы Одиллиямен келеді. Ол қызына Зигфридті өзіне құмар еткізіп, ғашықтық сезімі жайлы сертін алуды бұйырады.

Одиллияны Одетта деп қабылдаған Зигфрид анасына өзінің соған үйленетіндігін айтады. Зұлым сиқыршының арам ойы орындалды. Серт бұзылды. Енді Одетта мен оның құрбыларын ажал күтеді.

Алыстан көрінген Одеттаны нұсқап, Одилияны алып, зұлым сиқыршы көзден ғайып болады. Зигфрид өзінің алданғанын түсініп, аққу көліне бет алады.

Аққу көлінің жағасы. Қап - қараңғы түн. Қайғыдан қан жұтқан Одетта құрбыларына Зигфридтің өзін алдағанын айтады. Олардың бостандыққа шығу туралы армандары ойран болды.

Жүгіріп кірген Зигфрид өзінің антты бұзбағанын, Одеттаны сүйетіндігін айтады.

Зұлым сиқыршы қатты ызалы, ол ғашықтарға қарсы табиғат күштерін көмекке шақырады - дауыл соғып, найзағай шашады. Бірақ ешқандай күш Зигфрид пен Одеттаның пәк махаббатына кедергі бола алмайды.

Зұлым сиқыршы Зигфридпен жекпе-жекке шығып, ажал құшады. Оның зұлым күші жойылды.

Одетта мен Зигфрид жаңа күннің алғашқы сәулесін бірге, қуана қарсы алады.

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

 

Одетта, аққулар патшайымы……….. ӘСЕЛ АСҚАРОВА

Одилия, Ротбарттың қызы

Ханзада Зигфрид………………....……. АЗАМАТ АСҚАРОВ

Патшайым............................................ АЙГУЛЬ ДУЙСЕКОВА

Ротбарт, зұлым данышпан..……..…... СЫРЫМ АЮПОВ

Сайқымазақ…………...…………….. ...РАФАЭЛЬ УРАЗОВ

Ханзаданың тәлімгері............................. АЗИЗ ЕСЕНБАЕВ

Неаполитан қалыңдығы....…………........... АҚБОТА БЕКБОЛАТОВА

Венгер қалыңдығы…………..…….............. АДИЯ МАНАБАСОВА

Поляк қалыңдығы………………..............…. ГУЛЬБАРШЫН КАСАБОЛАТ

Орыс қалыңдығы………………............….... АРУЖАН БАРАТОВА

Па-де-труа………….......................................АҚБОТА БЕКБОЛАТОВА, ОРЫНГУЛЬ НУРЖАНКЫЗЫ, КАСКЫРБАЙ ЕСКАЛИ

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі және балет труппасы

Бас дирижер – НҰРЖАН БАЙБУСИНОВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

* Театр әртістердің құрамына өзгертулер енгізу құқығын өзіне қалдырады*