«Сарайшық: ұлы қала тарихы»

«Сарайшық: ұлы қала тарихы»

Бүгін Астана қаласында алғаш рет Мәдениет және спорт министрлігі, Атырау облысы әкімдігінің бастамасы бойынша алыс және шетелдің 40-тан аса отандық және шетел ғалымдары ортағасырлық Сарайшық қалашығын сақтап қалу бойынша алдағы шаралар мен ғылыми зерттеулер қорытындысын талқылау үшін жиналды.

Оқиғаның маңыздылығы жөнінде халықаралық конференцияның пленарлық отырысы жұмысына қатысқан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атап өтті. Қазақстанда «Сарайшық: ұлы қала тарихы» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу бастамасын жақында Атырау қаласында өткен жиын қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігі Атырау облысының әкімдігімен бірлесе көтерді. Конференция ұйымдастырушылары Сарайшық қалашығының ары қарайғы тағдырына, сондай-ақ, қалашықты қалпына келтіру мен бұзылудан сақтау мәселелеріне жоғары білікті шетелдік және отандық ғалымдардың назарын аудартуға ниетті.
Толығырақ http://mks.gov.kz/kaz/press-sluzhba/novosti_ministerstva/?cid=0&rid=2436
29/05/2017