ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

2019 жылы 26 ақпанда Ереван қаласында А. Спендиарян атындағы ұлттық академиялық опера және балет театры мен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

 

Армения Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында мәдениет пен өнер саласындағы бар ынтымақтастықты назарға ала отырып,

екі мемлекет арасындағы достық қатынастарды мойындай отырып, мәдениет пен ұлтаралық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту,

осындай ынтымақтастық ортақ мүдделерге қызмет ететінін және екі мемлекеттің халықтарының мәдени және әлеуметтік дамуын нығайтуға үлес қосатынын ескере отырып,

А. Спендиарян атындағы Ұлттық опера және балет театры директоры КОНСТАНТИН ОРБЕЛЯН тұлғасында және Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры директоры АЯ КАЛИЕВА тұлғасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Театр басшылары өз сөздерінде мәдени байланыстар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен достықты тереңдету үшін маңызды арна екендігін айтып өтті. Театрлар арасындағы тең құқылық пен өзара тиімділік негізінде ынтымақтастықты дамыту, халықтардың рухани байытуы, мәдени интеллигенцияның шығармашылық байланыстарын дамытудағы мәдениеттің рөлін күшейтуге ықпал ететіні сөзсіз. Ынтымақтастық аясында театрлар режиссерлерді, суретшілерді, дирижерларды, опера және балет солисттерін, шығармашылық ұжымдардың артисттерін тарту арқылы бірлескен қойылмыдар қоюды жоспарлап отыр.

 

04/03/2019