Операдағы түн!

Операдағы түн!

Операдағы түн!

Операдағы түн!

Жоғары өнерді таңдағандар үшін! Операны таңдағандар үшін!

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Халықаралық Театр Күніне орай 27 наурызда сағат 20.00-де

Сіздерді «Операдағы түнге» шақырады.

Құрметті біздің көрермендер! Біз Сіздерге опера мейрамын ұйымдастырмақпыз!

Сіздерді бізбен бірге театрда түнді өткізуге шақырамыз!

Бірге театрдың кулиса артындағы қызықты өміріне саяхат жасап, әртістердің керемет ойынынан ләззат алайық. Осындай жарқын сәттер мен оқиғалар бізді жақындастырары анық!

Біздің өміріміздің мәні - бұл кездесулер, естеліктер емес пе?!

Біздің өміріміздің мәні мәңгі бізбен қалатын кездесулер мен естеліктер!

Біз бірге әлемді ғажап етеміз!

Сүйіспеншілікпен ҚМАОБТ!

Сіздердің назарларыңызға интерактивті спектакль ұсынылып, В.А. Моцарттың «Дон Жуан» операсының кейіпкерлерімен кездесу күтеді.

Бұл түні театр кеңістігі танымастай өзгереді. Сіздер театр кулиса артына барып, сүйікті әртістеріңізбен суретке түсе аласыздар. Театр мұражайына бара аласыздар және интерактивті көріністе қатыса аласыздар.

Бағдарламаға келесі солистер қатысады:

Дулат Тоқанов, Таир Тажи, Анастасия Кожухарова, Артур Габдиев, Надия Наденова, Илияс Артағалиев, Зарина Алтынбаева, Серік Ауқатов, хор әртістері мен «МАОБТ-квартеті».

Театрға бірінші келген 30 адам театр маскаларының иесі атанады, экскурсия мен біздің кинозалға кіре алады.

Ескертеміз іс-шара - ОРЫНСЫЗ, отыру еркін.

«Операдағы Түн» билеттерін театр кассасынан сатып алуға болады

тел. : 272-79-34

27/03/2019