Құрметті журналистер!

Құрметті журналистер!

Абай атындағы Қазақ мемлекетттік академиялық опера және балет театры Сіздерді 2018 жылдың 26 сәуірінде сағат 11.00-де алда болатын Дж.Россинидің «Севильдік шаштараз» операсының премьерасына арналған пресс-конференцияғашақырады.

Пресс-конференцияларға қатысушылар:

  • Директор және көркемдік жетекші – Асқар Бөрібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
  • Опера труппасының жетекшісі – Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері
  • Режиссер- Кристин Хукке Чистерна

- Дирижер - Витторио Паризи

- Суретші – Патрисио Перез Марин

- Бас хормейстер – Әлия Темірбекова

- Опера солистері – Зарина Алтынбаева, Анастасия Кожухарова, Андрей Трегубенко, Дулат Тоқанов

 

Джоаккино Россинидің «Севильдік шаштараз» операсы – француз драматургыПьер Огюстен Карон де Бомаршенің осы аттас пьесасына негізделген әйгілі күлкілі опера. Туынды әзілқойлығымен, оқыс сюжеттік өзгерістерімен, итальян операсының дәстүрлі стилистикасына тән вокалды партияларымен баурап алады.

Россини операны жиырма күн ішінде жазады, бұл уақытта опера Бомаршенің пьесасының сюжетімен жазыла басталғандықтан, операның бастапқы авторлық атауы «Альмавива немесе пайдасыз сақтық» болды.

Премьера 1816 жылы 20 ақпанда Римда өтті.

Премьера кезінде шулы жанжал туындағанына қарамастан, «Севильдік шаштараз» операсы таңғалдырарлық табысқа ие болды. Туындыны көрермен қауым жоғары бағалап,тіпті Россинидің үйіне дейін салтанатты шырақты шеру ұйымдастырады.

Біздің театрымызда опера 1972 жылы КСРО халық артисі Ермек Серкебаевтың қойылымда қойылды.Фигароның партиясы Ермек Серкебаевқаүлкен атақ әкелді.

Дмитрий Гнатюк оны «баритондар королі», Муслим Магомаев — «Кеңес Одағындағы үздік Фигаро» деп атады. Ол Еуропаның және КСРО-ның көптеген опера театрларында осы партиямен өнер көрсетті.

Опера итальян тілінде орындалады, қойылым тобыАлматы қауымына Риголетто операсының қойылымымен танылған дирижер Витторио Паризидің,режиссер Кристин Хукке мен суретші Патрисио Перездіңжаңа сахналық қойылымында опера түп нұсқалық өңдеуде орындалады және маэстро бұрын соңды сахнада орындалмаған көріністерді ашады.

28 - 29 сәуір Абай атындағы МАОБТ Сіздердің назарларыңызға Россинидің жауһарының жаңа қойылымын ұсынады.

 

Екатерина Ченцова – 8 777 272 41 81 Айнур Алдамжарова - 8 701 778 15 48

02/03/2018