Эфиоптарды жеңіп оралған Радаместі Амнерис қуана күтуде.Аиданы көрген соң,оның күдігі мен қызғанышы арта түседі. Тұтқын қыздан шындыққа жету үшін,оған Радаместің өлгенін айтады.Аида қайғысын жасыра алмайды. Қахарланған Амнерис Аиданы қатты жазалайтынын айтады. Алаңнан кернейдің салтанатты үні естіледі.Аида құдайдан өзіне өлім тілейді. Ол махаббаттан бас тарта алмайды.
Сарайдың үңгірінде Радаместің соты басталмақ.Амнерис Радаместен Аидадан бас тартуын сұрайды.Оған өзінің махаббаты мен Египеттің тәжін беретінін айтады.Радамес көнбейді. Фараонның қызы біресе Радаместі қарғайды, біресе құдайлардан оның жанын алып қалуды сұрайды. Рамфис Радамеске үкім шығарады- осы үңгірде ол тірідей көмілуі керек.
Радамес өмірінің соңғы сәтінде ғашығы жайлы ойлайды. Радамеспен бірге өлуге бекінген Аида келеді.Енді оларды ешкім айыра алмайды. Храмнан ән әуені естіледі.Үңгірдің аузын жапқан тастың алдына келіп,Амнерис мұңға шомады.