1 бөлімді балет
Г. Перселл
В.Шекспирдің«Отелло» трагедиясының желісінде
Хореографиясы Хосе Лимондыкы
Қатысушылар:
Дездемона
Мавр
Эмилия
Яго
Көптен бері заманауи хореографияның жауһары болып танылған және Хосе Лимонның труппасымен АҚШ және шетелдерде көрсетілген«Павана мавра» балеті (павана –ежелгі итальян биі) кейіннен көптеген труппалардың репертуарына енді.
Оның «Отелло» тақырыбындағы вариациясы көрермен Шекспирдің трагедиясымен таныс екендігін ұйғарады. Балеттен болмашы жанама сюжеттік желілері алынып тасталды, балетте Мавр, оның әйелі, Маврдың досы және досының әйелі деп аталған төрт басты қатысушылардан - Отелло, Дездемона, Яго және Эмилиядан тұратын керемет квартет махаббат және достық, жан күйдіретін қызғаныш пен сатқындық, ажал мен әшкерелеу билерін орындайды. Хореографтың мақсаты пьесадағы сөздерді қозғалыстарға көшіру емес, трагедияның тек негізгі тұстарын орындай отырып, мәнерлілік көмегімен ішкі мағынасын жеткезе білу. В.Шекспир сөздерді поэзияға аударса, сол сияқты хореографта қозғалыстарды биге айналдырады. Үйреншікті емес қалыпта тұру мен жеңіл би қозғалыстарында «неоклассицизм» стилі өшпес өнердегі тақырып тапты. Бұл балет амалсыздық пен трагедиялық сезімді емес, «аяушылық арқылы арылу» - рухани тазару сезімін тударатын жарқын мұңды көрсетеді.