ПРЕСС- РЕЛИЗ

ПРЕСС- РЕЛИЗ

2018 жылдың 26 қыркүйек күні сағат 11.00-де

85-ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫНА байланысты

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

пресс-конференцияға шақырады.

Құрметті журналистер!

2018 жылдың 26 қыркүйек күні сағат 11.00-де

85-ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫНА байланысты

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры

пресс-конференцияға шақырады.

 

Пресс-конференцияға қатысушылар алдағы маусым жайында, премьералар, концерттер мен гастрольдер туралы айтады. Сондай-ақ, өткен маусымның басты тұстары да айтылады.

Дәстүрлі түрде, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры өзінің 85-театр маусымын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсымен ашады. Басты партияларды ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев және халықаралық конкустардың лауреаттары Зарина Алтынбаева, Тахауи Рахметов орындайды, дирижер Ерболат Ахмедияров.

Жаңа маусымда көрермендерді бір қатар премьералар күтеді. Қазан айында театр Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетінің жаңа қойлымын ҚР халық артисі Гүлжан Түткібаеваның қойылымында ұсынады. Жарық, сценографиясымен костюмдері Ресейдің халық суретшісі, РФ мен ҚР Мемлекеттік сыйлықтарыныңң лауреаты Вячеслав Окуневтікі. Желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, театрдың директоры және көркемдік жетекшісі Асқар Бөрібаевтың жетекшілігімен Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы» және Пьетро Масканьидің «Ауыл абыройы» бір актілі опера спектакльдерінің премьерасы қойылады. Спектакльдің қоюшы режиссеры – Лоренцо Мариани (Италия). Жарық, сценографиясы мен костюмдері Вильем Орландидікі (Италия).

Сәуір айында П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының жаңа қойылымын қою жоспарда. Спектакльдің режиссеры – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ләйлім Иманғазина. Жарық, сценографиясы мен костюмдері Ресейдің халық суретшісі, РФ мен ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Вячеслав Окуневтікі.

 

Опера және балет театры жаңа маусымның ашылуына дайындық үстінде және өз көрермендерін асыға күтеді!

Байланыстар:

Тел: 8(727) 272 -44-91; 8 701 7781548 – Алдамжарова Айнұр

Абай атындағы МАОБТ Алматы қ., Қабанбай батыр к. 110

26/09/2018