Кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн-байқау

Кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн-байқау

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында

кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері»

онлайн-байқауын өткізу Ережелері

 

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Осы Ережелер «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн-байқауының (бұдан әрі – Байқау) өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Кәсіби емес орындаушылар арасындағы «Абай әндері» онлайн-байқауын (бұдан әрі – Байқау) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры (бұдан әрі – ҚМАОБТ) ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырады.

Ұйымдастырушы туралы мәліметтер:

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 110, тел.: +7 (727) 272-84-45

Электронды почта мекен-жайы abay.ksatob.competition@gmail.com

  1. Байқау мәні – Абай Құнанбайұлының әндерін музыкалық сүйемелдеумен немесе онсыз, жеке немесе ансамбльмен орындау және байқауға аудиовизуалды жазба түрінде (бейне-файл) ұсыну.

Байқау Ережелері ұйымдастырушының ресми www.gatob.kz сайтында және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында орналастырылған:

Facebook

Instagram

Telegram

ВКонтакте

  1. Байқау қорытындысы ұйымдастырушының Abay Theatre  YouTube арнасында көрермендердің ашық онлайн-дауыс беруі арқылы шығарылады.
  2. Байқау жеңімпаздары (I, II, III дәрежелі лауреаттар) – онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыс жинаған байқауға қатысушылар.
  3. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады. Ұйымдастыру комитеті Абай ат. ҚМАОБТ қызметкерлерінен, Қазақстанның опера өнерінің көрнекті қайраткерлерінен құрылады.

Осы Байқауды өткізу Ережелері жұмыстарды байқауға ұсыну үшін белгіленген мерзімнің бірінші жартысы ішінде өзгертілуі мүмкін. Байқауға қатысушыларды байқау ережелерінің кез келген өзгерістері туралы хабардар ету ұйымдастырушының ресми www.gatob.kz сайтына және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы жүргізіледі:

Facebook

Instagram

Telegram

ВКонтакте

 

  1. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

  • Ұлы қазақ ойшылы, ақын, композитор Абай Құнанбайұлының шығармалары арқылы Қазақ ұлттық мәдениетіне деген қызығушылықты қалыптастыру;
  • Ұлы қазақ ойшылы, ақын, композитор Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттау;
  • Көрермендер аудиториясының мәдени және рухани деңгейін арттыру үшін әр түрлі ұлт өкілдерін қазақ ән шығармашылығына тарту;
  • Талантты және дарынды орындаушыларды анықтау, өзінің орындаушылық шеберлігін кең аудиторияға көрсетуге мүмкіндік беру.

 

  1. Байқауды өткізу мерзімі мен орны

 

3.1. Байқау Қазақстан Республикасының аумағында (бұдан әрі – ҚР) 2020 жылғы «13» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «09» тамыз сағат 00:00-ге дейін (қоса алғанда) өткізіледі.

3.2. Байқау келесі мерзімде өткізіледі:

Байқаудың басталуы туралы хабарландыру ол басталғанға дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей ұйымдастырушының ресми www.gatob.kz сайтына және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында орналастырылады:

Facebook

Instagram

Telegram

ВКонтакте

3.2.1. Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау – 2020 жылғы «13» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «26» шілде сағат 23:59-ға дейін;

3.2.2. Abay Theatre  ресми YouTube арнасында қатысушылардың аудиовизуалды жазбаларын жариялау және 2020 жылғы «30» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «09» тамыз сағат 23:59 аралығында жеңімпаздарды анықтау бойынша көрермендердің онлайн-дауыс беруі басталады;

3.2.3. Онлайн дауыс беру қорытындыларын шығару және ең көп дауыс жинаған жеңімпаздарды жариялау – 2020 жылғы «10» тамыз сағат 23.59-ға дейін.

3.3. Ұйымдастырушы байқауға қатысушыларды аталған өзгерістер күшіне енгенге дейін кемінде күнтізбелік 2 күн бұрын оны өткізуді ұзарту немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабардар еткен жағдайда байқау өткізудің аяқталу мерзімін өзгертуге құқығы бар.

3.4. Байқау өткізілетін орын: Ұйымдастырушының ресми YouTube арнасы - Abay Theatre.

 

  1. Байқау қатысушылары

 

4.1. Байқауға 4 жастан асқан, Абай Құнанбаев әндерінің аудиовизуалды жазбасын өз орындауында ұсынған тұлғалар (әрі қарай қатысушылар) қатыса алады.

4.2. Байқауға 18 жасқа толмаған қатысушылардың атынан және олардың мүддесінде №1 қосымшаға сәйкес кәмелетке толмаған қатысушылардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) (бұдан әрі-заңды өкілдері) әрекет етеді.

4.3. Байқауға қатысу жеке немесе ұжымдық (ансамбльдік) орындау болуы мүмкін. Ұжымдық қатысу, яғни туындыны бірнеше орындаушы орындаған жағдайда, қатысуға өтінімді орындаушылардың бірі № 1 қосымшаға сәйкес бере алады.

4.4. Қатысушы орындаушылар ұжымынан өтінім бере отырып, осы Ережеде белгіленген шарттарда басқа қатысушылардан байқауға қатысуға келісім алғандығын кепілдік береді және растайды.

 

  1. Байқауды өткізу тәртібі

 

5.1. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:

- жеке орындау

- ұжымдық (ансамбльдік) орындау

5.2. «Жеке орындау» номинациясында Байқау төрт жас категориясында өтеді:

- 4-14 жас аралығындағы қатысушылар;

- 15-25 жас аралығындағы қатысушылар;

- 26-44 жас аралығындағы қатысушылар;

- 45 және одан жоғары жастағы қатысушылар.

  • Байқау V кезеңнен тұрады:

І кезең – Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2020 жылғы «13» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «26» шілде сағат 23: 59-ға дейін;

ІІ кезең – байқауды ұйымдастыру комитетінің ұсынылған өтінімдерді қарауы 2020 жылғы «27» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «29» шілде сағат 23: 59-ға дейін;

III кезең – Abay Theatre Абай ат. ҚМАОБТ ресми YouTube арнасында Байқау қатысушыларының аудиовизуалды жазбаларын жариялау 2020 жылғы «30» шілде сағат 00:00-ден бастап;

IV кезең - ең көп дауыс жинаған байқау жеңімпаздарын анықтау үшін ашық дауыс беру 2020 жылғы «30» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «09» тамыз сағат 23:59-ға дейін;

V кезең – қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау. Байқау жеңімпаздарының есімдері ұйымдастырушының ресми www.gatob.kz сайтында және әлеуметтік желілердің ресми парақшаларында 2020 жылғы «10» тамыз сағат 23:59-ға дейін жарияланады:

Facebook

Instagram

Telegram

ВКонтакте

Өтінімдер ресми abay.ksatob.competition@gmail.com почтасына қабылданады.

Өтінім-хатқа келесі құжаттар қоса берілуі тиіс:

- 1 қосымшаға сәйкес Байқауға қатысуға өтінім;

- 2 жоғары сапалы фотосурет (көлденең және тігінен түскен);

Байқауға 2020 жылғы «13» шілде сағат 00:00-ден 2020 жылғы «26» шілде сағат 23:59-ға дейін жіберілген жазбалар ғана қатысады.

2020 жылғы «27» шілдедегі 00:00-ден кейін жіберілген өтінімдер Байқауға қатысушылар болып танылмайды.

Байқауға қатысушылар (немесе олардың заңды өкілдері) жіберген жұмыстар Abay Theatre  - Абай ат. ҚМАОБТ ресми YouTube арнасының мұрағатында аудиовизуалды жазбаға айрықша құқық мерзімі біткенше қалуы мүмкін.

 

  1. Өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

«Жеке орындау» номинациясына өтініш

 

«Жеке орындау» номинациясына өтініш - жүктеу нұсқасы

 

«Ансамбльдік орындау» номинациясына өтініш

 

«Ансамбльдік орындау» номинациясына өтініш - жүктеу нұсқасы

 

6.1. Байқауға қатысу үшін қатысушы немесе оның заңды өкілі (кәмелетке толмаған қатысушы үшін) №1 қосымшаға сәйкес байқауға қатысуға өтінімді толтыруы тиіс.

6.2. Ұйымдастырушының abay.ksatob.competition@gmail.com электрондық поштасына аудиовизуалды жазбаның көшірілетін нұсқасына немесе аудио-визуалды жазбаның тіркелген файлына белсенді сілтеме түрінде Абай Құнанбаевтың әнін өз орындауында жіберу:

- файл немесе белсенді сілтеме түрінде,

- файл өлшемі 1 ГБ артық емес;

- пикселердегі сурет мөлшері кемінде 1280×720;

- сурет көлденең бағытталған;

- әннің орындалуы 4 (төрт) минуттан аспауы тиіс, MP4 форматындағы бейне;

- әрбір бейне-сөзде қатысушының сәлемдесуі, Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса), жасы, елді мекеннің атауы және шығарманың атауы көрсетілген болуы тиіс.

Пошта және курьерлік қызметтерді қоса алғанда, кез келген басқа тәсілмен жіберілген жазбалар байқауға қатысуға қабылданбайды.

6.3. Байқауға қатысуға жіберілмейді:

- Байқау Ережесінің 6.2-тармағында көрсетілген техникалық талаптарға сай келмейтін аудио-визуалды жазбалар,

- «плюс» фонограммаға жасалған аудио-визуалды жазба,

- үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзатын;

- ҚР "Мәдениет туралы" Заңының 3-тарауының 11-бабын бұзатын, соның ішінде порнографиялық/ эротикалық сипаттағы, зорлық-зомбылықты насихаттайтын немесе зорлық-зомбылық көріністерін қамтитын, діни сезімдерді қорлайтын, жалпы қабылданған мораль нормаларын бұзуға шақыратын немесе адамның (адамдардың) жеке қадір-қасиетін, ар-намысын бұзатын не діни немесе ұлттық мәдени құндылықтарды қозғайтын, агрессияны білдіретін, экстремизмді, зорлық-зомбылықты, есірткіні, алкогольдік ішімдіктерді пайдалануды насихаттайтын және/немесе байқау ережелерін және/немесе ҚР заңнамасын бұзатын.

6.4. Байқауға қатысуға автордың және/немесе өзге құқық иеленушінің келісімінсіз фильмдердің, клиптердің фрагменттері, жарнамалары, басқа фестиваль-байқаулардың логотиптері, өзге де туындылар мен зияткерлік қызмет нәтижелері бар бейне-жазбалар қабылданбайды.

6.5. Байқауға қатыса отырып, әрбір қатысушы (заңды өкіл):

- қатысуға өтінімдегі барлық деректердің дұрыстығын, осы Ережемен танысуды және келісуді растайды;

- ұсынылған аудиовизуалды жазбада қамтылған жеке деректерді өңдеумен, сондай-ақ байқауды өткізу мақсатында байқауды ұйымдастырушының Abay Theatre ресми арнасына қатысуға өтінімді жіберумен келіседі;

- өзінің дыбыс-бейне жазбасын жариялауға, сондай-ақ оны осы байқау шеңберінде өтеусіз негізде пайдалануға келісім береді;

- өзінің аудиовизуалды жазбасын жасау үшін барлық қажетті ерекше және ерекше емес авторлық құқықтардың алынғанын растайды, соның ішінде авторлар мен өзге де құқық иеленушілердің келісімін алу және байқауға ән беру (егер авторлық құқықтар бар болса), анықталған бұзушылықтан болған барлық теріс салдарлар үшін жеке жауап береді.

6.6. Байқауға қатысуға өтінім беру байқауға қатысушының (оның заңды өкілінің) осы Ережеде белгіленген шарттар мен тәсілдермен аумақты шектеусіз (әлемнің барлық елдерінің аумағында) және байқауды өткізу аяқталған сәттен бастап 1 (бір) жыл ішінде байқауды ұйымдастырушының осы дыбыс-бейне жазбасын одан әрі пайдалануға келісім білдіргенін куәландырады.

6.7. Осы Ережеде көзделген тәртіппен қатысушының Байқауға өтінім беруі оның байқаудың барлық шарттарымен және осы Ережемен сөзсіз келісімін білдіреді.

 

  1. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

 

7.1. Байқаудың жеңімпаздарын (I, II, III дәрежелі лауреаттарды) көрермендер онлайн-дауыс беру арқылы анықтайды. Аудиовизуалды жазбалары ең көп дауыс жинаған қатысушылар байқаудың жеңімпаздары атанады. Бірнеше байқауға қатысушылар жинаған дауыстар тең болған жағдайда, барлық қатысушылар тең құқылы жеңімпаз деп танылады.

7.2. Байқау жеңімпаздары әр номинация: жеке орындау, ұжымдық (ансамбльдік) орындау бойынша анықталады. Номинацияда жеңімпаздардың жеке орындалуы жас санаты ескеріле отырып анықталады.

7.3. Дауыс беруге қатысу үшін пайдаланушыларға тіркелу қажет болуы мүмкін.

7.4. Байқаудың барлық жеңімпаздарын ұйымдастырушы осы Ереженің 5.3-тармағына сәйкес жариялайды. Байқау жеңімпаздары дипломдарын алады.

 

  1. Байқаудың ұйымдастыру комитеті

 

8.1. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады: өтінімдерді жинау және техникалық талаптарға сәйкестігін қарау, онлайн-дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санау.

8.2. Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

8.3. Ұйымдастыру комитеті арнайы жүлделерді алдын ала хабарландырусыз құру құқығын өзіне қалдырады.

8.4. Байқауды жарнамалау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, байқау бағдарламаларын және ол бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады.

8.5. Ұйымдастырушы байқауға қатысушылар ұсынған аудио-визуалды жазбаларды өз қалауы бойынша пайдалануға, оның ішінде оларды теледидар хабарларын және өзге де жарнамалық өнімдерге енгізуге, БАҚ-та, интернетте және дыбыс-бейне сервистерінде таратуға құқылы, оның ішінде өзгертуді, қысқартуды, толықтыруды, түсініктеме беруді, редакциялауды, қайта монтаждауды және өзге де қайта өңдеуді қоса алғанда.

8.6. Ұйымдастырушы Қатысушы туралы орналастырылатын ақпарат көлемін және оның дыбыс-бейне жазбасын дербес анықтайды.

8.7. Дербес деректерді өңдеуге және таратуға байланысты ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Дербес деректер саласындағы заңнамасында айқындалады.

8.8. Байқауды ұйымдастырушы, егер аудиовизуалды жазба осы Ережеде баяндалған талаптарға сәйкес келмесе, байқауға қатысу үшін ұсынылған жұмыстарды тексеру (модерация) процесінде қабылдамау құқығын өзіне қалдырады. Ұйымдастырушы байқауға қатысудан аудиовизуалды жазбадан бас тарту себептерін қатысушылардың назарына жеткізбеуге құқығы бар.

8.9. Үшінші тұлғалар байқауды ұйымдастырушыға жұмысқа авторлық және/немесе өзге де құқықтарды және оларда пайдаланылған материалдарды бұзуға байланысты және/немесе оларды интернет-сайтта және/немесе БАҚ-та орналастыруға немесе ережелерге сәйкес оларды өзге де пайдалануға байланысты наразылықтарды ұсынған жағдайда, үшінші тұлғалар алдында мұндай бұзушылық үшін жауапкершілік осындай наразылықтарды өз күштерімен және өз есебінен шешуге міндеттенетін қатысушылар немесе олардың заңды өкілдері көтереді.

8.10. Жоғарыда көрсетілген талаптар ұсынылған жағдайда ұйымдастырушының байқауды өткізу барысында кез келген уақытта және ол аяқталғаннан кейін тиісті қатысушыларды (олардың заңды өкілдерін) байқауға қатысудан шеттетуге құқығы бар.

8.11. Ұйымдастырушы қатысушылардың (олардың заңды өкілдерінің) қате деп танылған іс-әрекетінің қандай да бір салдары үшін жауап бермейді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

9.1. Қатысушылар немесе қатысушылардың заңды өкілдері авторлық, сабақтас және басқа да құқықтарды бұзғаны үшін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес мүліктік жауапкершілікте болады.

9.2. Байқауды ұйымдастырушы байқауға қатысушының (оның заңды өкілінің) үшінші тұлғалардың авторлық, сабақтас және/немесе өзге де құқықтарын бұзғаны үшін жауапты болмайды.

9.3 Ұйымдастырушы қатысушыдан (оның заңды өкілінен) қажетті мәліметтерді, оның ішінде байланыс ұйымдарының кінәсінен алмағаны үшін, интернет желісіндегі және/немесе байқау өткізу кезінде пайдаланылатын байланыс арналарындағы техникалық проблемалар және/немесе алаяқтық үшін, сондай-ақ көрсетілген дұрыс емес немесе өзекті емес байланыс деректері үшін қатысушымен байланысты жүзеге асырудың мүмкін еместігі үшін жауапты болмайды. Ұйымдастырушы интернет желісіндегі және/немесе байланыс арналарындағы техникалық проблемалар және/немесе алаяқтық үшін жауапты болмайды.

9.4. Осы Ережеде көзделмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

9.5. Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге байланысты туындайтын барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілуге тиіс. Келіссөздер жолымен реттелмеген даулы мәселелер ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша сотта шешілуге тиіс.

9.6. Қатысуға арналған нысан (өтінім) мынадай ақпаратты қамтиды:

- Туындыны орындайтын қатысушының (қатысушылардың) Тегі, Аты, Әкесінің аты

- Егер өтінім кәмелетке толмаған адамның атынан берілсе, туындыны орындайтын қатысушының заңды өкілдерінің Тегі, Аты, Әкесінің аты

- номинация

- жеке орындаушы үшін жас санаты

- қатысушының туған күні

- жұмыс (оқу) орны

- қатысушының байланыстары (қатысушының және оның заңды өкілінің байланыс телефоны, Instagram / ВКонтакте / Facebook, Телеграмм әлеуметтік желіліеріне сілтеме, электронды почта мекен-жайы (егер қолданылса)

- JPG, JPEG немесе PNG форматындағы қатысушының фотосуреті, Файл мөлшері 10 Мб артық емес;

- Байқау Ережесіне сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісім;

- Ұйымдастырушыға Байқау Ережесіне сәйкес қатысушының дыбыс-бейне жазбасын пайдалану құқығын беруге келісім.

 

02/07/2020