Пресс-релиз  

Пресс-релиз  

 

Ф. Шопеннің «Шопениана»

И.С. Бахтың «Бах шығармашылығын тану»

М. Равельдің «Болеро»

балеттерінің премьерасы

 

Құрметті журналистер!

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры премьералық спектаклдердің баспасөз коференциясына және алдын ала көрсетіліміне шақырады.

 

Баспасөз коференциясы: 26 сәуір 2019 ж. сағ. 11.00

Алдын ала жабық көрсетілім: 26 сәуір 2019 ж. сағ. 12.00

 

БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ

- Ая ҚАЛИЕВА, Абай ат. ҚМАОБТ директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

- Гүлжан ТҮТКІБАЕВА, Абай ат. ҚМАОБТ бас балетмейстері, ҚР Халық әртісі

- Дэвид ДЖОНАТАН (Бельгия), қоюшы-хореограф

- Риккардо АМАРАНТЕ (Бразилия), қоюшы-хореограф

- Ерболат АХМЕДЬЯРОВ, қоюшы-дирижер

- Амир ТЕБЕНИХИН (Германия), пианист, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

- Джессика ТЕЙГ (Бельгия), Europe Dance Magazine журналисі

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры 2019 жылдың 27-28 сәуірінде тылсымға толы тарихы бар, үш бір актілі балет премьерасын ұсынады.

Көрермендерді әлем классикасының ұлы композиторлары - Ф. Шопен, И.С. Бах және М. Равельдің таңғажайып музыка әлемі қарсы алады. Олар жауһардай туындыларының әрбір ырғағын біріктіре отырып, бірегей сұлу әрі мәнерлі, табиғаты ерек, әлем мәдениетінің алтын қорынан орын алған мұра қалдырды.

 

Ф. ШОПЕН «ШОПЕНИАНА»

Музыкасы - Ф. Шопен

Хореографиясы - Михаил Фокин

Суретшісі - Вячеслав Окунев

Жаңа хореографиялық редакциясы - Гүлжан Түткібаева

Қоюшы-дирижері - Ерболат Ахмедьяров

 

- Фридерик Шопен «Шопениана» - романтикалық балет классикасы. Көрермендер мұнардай жеңіл, қиял әлеміне жетелейтін қалықтаған биден ләззат алады. Балет хореографиясы 19 ғасырдың 30-40-шы жылдары романтикалық балет стиліндегі әуе билерінен тұрады, олар романтикалық мектептің француз ақыны Теофиль Готьенің анықтамасы бойынша ballet blanc (ақ балет) деп аталады.

Ең алғашқы рет «Шопениана» Абай ат. ҚМАОБТ сахнасында 1962 жылы Заурбек Райбаевпен қойылды. Оның алғашқы орындаушылары Сара Көшербаева, Әнуарбек Жалилов, Галина Горская және Наталья Гудочкина-Каньшина, ал суретшісі В. Семизоров болды.

Абай ат. ҚМАОБТ Михаил Фокиннің жаңартылған қойылымы бойынша «Шопениана» балетінің премьерасын ұсынады. Бас балетмейстер, ҚР халық әртісі Гүлжан Түткібаева, суретші-декораторы - Ресей халық суретшісі, РФ және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Вячеслав Окунев.

 

И.С. БАХ «БАХ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАНУ»

 

Музыкасы - И.С. Бах оркестрмен бірге фортепианоға арналған Концерт №1 (ре минор) BWV 1052

Қоюшы-дирижері - Ерболат Ахмедьяров

Хореографиясы - Дэвид Джонатан (Бельгия)

Костюмдер бойынша суретші, сценограф - Пауло Роза Сантана (Бразилия)

Фортепиано партиясы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Амир Тебенихин (Германия)

«Бах шығармашылығын тану» - И.С. Бахтың ең танымал фортепиано концерттерінің біріне қойылған, бірактілі сюжетсіз балет.

Балетмейстер Дэвид Джонатанның айтуынша, «Бах шығармашылығын тану» балеті – классицизмнің дерексіз деконструкциясы. Бахтың музыкасы бұлжымас біріктіруші классикалық элемент, бірақ бидің ерекше және күтпеген хореографиялық тілі бұл тамырлардың бұзылуына сілтеме жасайды. Әр классикалық туындының деконструкциясы жүйесіз дүние ретінде қабылданбауы тиіс, керісінше, бұл бидің сұлулығы мен күшін арттыра түседі.

 

М. РАВЕЛЬ «БОЛЕРО»

 

Музыкасы - Морис Равель

Қоюшы-дирижері - Ерболат Ахмедьяров

Хореографиясы - Риккардо Амаранте (Бразилия)

Костюмдер бойынша суретші, сценограф - Пауло Роза Сантана (Бразилия)

 

Морис Равель «Болеро» - Равель 1928 жылы Ида Рубинштейннің өтініші бойынша оркестрге арналған «Болероны» жазады. Испан елінің ерекше өнерін жақсы білетін Равель, бірегей шығарма жазуды ұйғарады. «Болеро» бірнеше мәрте қайталанатын ырғақты фигураның гипноздық әсерінің аясында, эмоционалды шиеленістің керемет ұлғаюын көрсетіп, дыбысқа жаңа құралдарды енгізуі арқылы ерекше танымалдылыққа ие болды.

Қазақстанда Равельдің музыкасына қойылған «Болероның» екі қойылымы танымал, ол 1962 жылғы Зауырбек Райбав пен 1968 жылғы Болат Аюхановтың қойылымдары. Балетмейстер Рикардо Амарантеның айтуынша оның «Болеро» хикаясы әйелзаттың мінсіз сұлулығы мен сезімталдығын жырлайды.

Ғажаптың бәрі өзіңде,

Көзіңде сұлу әлемі.

…Әдебі әрбір сөзінде,

Жан емі- оның сәлемі.

Келбеті күнге келіскен,

Нәзіктен нәзік сыр ұққын.

…Бесіктегі әппақ періштең

Бастауы әдеміліктің!

Пәк болып туған о бастан,

мүсіні мыңды арбаған.

Көңілі оның Көк аспан,

Көркінің құны бар ғалам!

Балет сұлу әйелдің образын бейнелейтін, суретшінің ішкі әлемін көрсетеді. Шексіз фантазияның туындысы бізді сүйіспеншілік, қызғаныш пен құмарлық әлеміне апарады.

 

 

Байланыс телефондары:

Тел: 8(727) 272 -20-42; 8 777 932 20 02 Диляра Варол,

8 701 100 20 87 Ләзат Байділдаева

Абай ат. ҚМАОБТ, Алматы қаласы, Қабанбай батыр көш., 110

10/04/2019