Көңіл айту. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы театрымыздың жұмсақ безендіру шеберханасының суретшісі Самархан Исханұлы Орақбаевтың кенеттен дүниеден өтуіне байланысты жанұясы мен туған-туыстарына көңіл айтады.

25.12.2023

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ұжымы театрымыздың жұмсақ безендіру шеберханасының суретшісі Самархан Исханұлы Орақбаевтың кенеттен дүниеден өтуіне байланысты жанұясы мен туған-туыстарына және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Самархан Исханұлы өз өмірін 11 жыл бойы кескіндеме өнеріне арнап, театрымыздың жұмсақ безендіру шеберханасында суретші болып қызмет атқарды. Өзінің бай тәжірибесі мен жарқын талантын театрымыздың спектакльдерін безендіруге және мәдениетіміздің өркендеуіне арнады.

Жатқан жері жайлы,топырағы торқа болсын. Жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

 

Абай ат.ҚазҰОБТ директоры Н.Ә.Бокебаев