КОРСАР

А. Адан

"КОРСАР"

2 бөлімді балет

либреттосын жазған Ж. Сен-Жорж және Ж. Мазилье

Дж. Байронның аттас романы желісінде

лореографиясы М. Петипа, Г. Түткібаева

 

Қойылымның ұзақтығы: 1 сағат 50 минут | Аралықтардың саны: 1 |

Жас санаты: 7+

 

Оқиға XIX ғасырдың басында Босфор жағалауында орын алады.

 

Әрекет етуші тұлғалар:

Конрад, корсарлардың жетекшісі

Исаак Ланкедем, күң саудагері

Медора

Гюльнара

Бирбанто

Али

Сеид-паша

Корсарлар, күңдер, қарауылдар

 

 

Қоюшы-дирижері - Ерболат Ахмедияров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-хореографы - Гүлжан Түткібаева, ҚР Халық әртісі

Сценография суретшісі - Вильям Орланди (Италия)

Сценография суретшінің ассистенті - Есенгелді Тұяқов, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері

Костюмдер бойынша суретшісі - Вячеслав Окунев, Ресейдің Халық суретшісі, РФ және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Бейне графика - Ерген Токмурзин

Спектакльді жүргізетін режиссердің көмекшілері: Галина Булгарцева, Әлия Жабаева

История

"Корсар" балеті – бір жарым жүз жылдан астам уақыт бойы әлемдік музыкалық классика қоржынында жарқын інжу болып саналады. Адольф Аданның тағы бір әйгілі жауһары "Жизель" балетімен қатар, ол әлемдік балет репертуарының алтын қорына кіреді. Либреттоның негізінде Байронның аттас поэмасы жатыр. Аданға дейін Байронның поэмасын музыкалық сахнаға басқа композиторлар, дәлірек айтқанда Дж. Верди осы аттас операны 1848 жылы жазған, балеттері де талай сахналанған. Осындай атаумен алғашқы белгілі балет қойылымы 1826 жылы Миландағы Ла Скала театрында итальяндық балетмейстер Джованни Гальцеранидің хореографиясында өтті, бірақ бұл балеттердің барлығы бүгінгі күнге дейін сақталмаған.

 

Балеттің премьерасы 1856 жылғы 23 қаңтарда Париж операсының сахнасында өтті, ал екі жылдан кейін 1858 жылғы 12 қаңтарда "Корсар" балетін алғаш рет Петербургте атақты хореограф Жюль-Жозеф Перро қойды. Перро өзі Сеид-пашаның партиясын орындаса, Мариус Петипа Конрадтың рөлін керемет сомдап шықты.

XIX ғасырдағы балет спектакльдерінің либреттистері Жюль Анри Вернуа де Сен-Жорж және Жозеф Мазилье корсарлардың өмірінен сыр шертеді. Спектакльдің қойылымынан бастап хореография өзгерді, музыкалық нөмірлер қосылды, бірақ сюжет 1856 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз қалды. XIX ғасырдың ортасында пайда болған "Корсар" романтизм эстетикасының жарқын ізін қалдырды.

 

Адан XIX ғасыр композиторларының ішіндегі ең мықты мелодисттердің бірі болып саналады. Оның "Жизель" және "Корсар" балеттері бүкіл әлемнің ірі балет труппаларының репертуарында құрметті орынға ие. Абай атындағы МАОБТ-да "Корсар" алғаш рет 1993 жылы Новосибирск балетмейстері Владимир Владимировпен қойылды, онда басты партияларда балеттің жетекші солистері: Құралай Сарқытбаева, Мұрат Түкеев, Дмитрий Сушков, Ұлан Баденов, Серік Турабаев, Ержан Досқараев, Жұмат Қартамысов жарқырады. Медораның партиясын театрдың прима-балеринасы Гүлжан Түткібаева орындады.

Ал бүгін сіздердің назарларыңызға балеттің заманауи, таңғажайып, әсерлі әрі серпінді жаңа нұсқасы ұсынылады, қоюшы балетмейстері - Гүлжан Түткібаева. Дирижер Ерболат Ахмедьяровтың, сценограф Вильям Орландидің, қоюшы-суретшісі Есенгелді Тұяқовтың, костюмдер бойынша суретшісі Вячеслав Окуневтің қойылымындағы жаңа спектакль көрермендерге үлкен тарту болмақ. Спектакльдің бойында классикалық хореография, заманауи, техникалық жағынан күрделі сценография, жарқын костюмдер мен музыка тамаша үйлесім тауып, ерекше әсемдігімен, биімен және жарқын бейнесімен көрермендер жадында сақталмақ.

 

"Адольф Аданның соңғы туындысы "Корсар" Абай атындағы ҚМАОБТ сахнасында балет премьерасының 165 жылдығы қарсаңында қойылады. Бұрын "Корсар" ҚМАОБТ сахнасында 1996-2006 жылдар аралығында болған, алайда бұл жаңа қойылым емес, Новосибирск мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ауыстырылған нұсқасы еді. Балеттің көркемдік жетекшісі Владимир Владимировтың хореографиясындағы спектакль барлық декорацияларымен, костюмдерімен, жарық және музыкалық шешімдерімен біздің театрға сыйға тартылды. Тәуелсіз ел ретінде қайта құрылудың қиын жылдарында мұндай сыйлық үлкен сән-салтанат болып саналды. Біртіндеп, декорациялар мен костюмдердің толық тозуына байланысты (спектакльді Новосибирск театры сахнада бірнеше жыл қойғаннан кейін сыйға тартты) қойылым репертуардан алынып тасталды, дегенмен ол әрдайым көрермендердің аншлагын жинайтын. Бүгін балет өнерін бағалаушылар үшін қазақстандық балетмейстер Гүлжан Түткібаеваның "Корсар" спектаклінің жаңа нұсқасының тұсаукесері балет мерекесіне айналатыны сөзсіз!»

Ая Қалиева, Абай атындағы ҚМАОБТ директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері.

--

 

"Корсардың" алғашқы қойылымынан бері 160 жылдан астам уақыт өтті және бірталай қойылымдар болды. Олардың негізін автордың өзі, түрлі музыканттар мен композиторлар оркестрлеген Адольф Аданның музыкасы құрады. Сонымен қатар, режиссерлер балет өнерін Минкус, Дриго, Дворжак, Чайковский, Корнблит және басқа да композиторлардың музыкасымен толықтырды. Әлемде "Корсар" балетінің оркестрлерінің 4-5 нұсқасы бар. Жаңа қойылымда біз оркестрдің басқа, неғұрлым толық және қызықты дыбысын алуға тырыстық. Ол үшін біз осы оркестрлердің ең жақсы үлгілерін таңдадық, менің ойымша, дәл осы нұсқалар бұрынғыдан бетер тамаша әрі қызықты естіледі, спектакльге дәлме-дәл сәйкес келеді және оның түпкі ойын жеткізері сөзсіз. Біздің нұсқамыздың ерекшелігі – Адольф Аданның "La Poupee de Nuremberg" ("Нюрнберг қуыршағы") операсына увертюраны қолданған музыкалық үзіліске арналған қосымша нөмір. Осылайша, біз партитураның жаңа нұсқасын жасадық, ол Абай атындағы МАОБТ-ның "Корсар" балетінің тағы бір түпнұсқалық редакциясын алып, театрымыздың балет труппасына арнайы бейімделген және қойылымдық топпен жасақталған. "Корсар" балетінің жаңа қойылымы біздің сүйікті Алматымыздың, бүкіл Қазақстанның мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналатынына және көрерменнің ыстық ықыласына бөленетініне сенімдімін".

Ерболат Ахмедьяров.

 

 

"Корсар" балетін бүкіл әлем болып жақсы көреміз. Өйткені, бұл өлмес классика. Бұл спектакльдің көптеген нұсқалары бар. Біз өзіміздің театрымыз үшін, труппамыз үшін, солистерімізге актерлік дарыны мен техникалық мүмкіндіктерін барынша айқын көрсетуге мүмкіндік беретін өз нұсқамызды ұсынғымыз келеді. "Корсар" – бұл романтикалық-шытырман оқиғалы балет. Менің міндетім – динамикалық, жанды, түрлі-түсті, қызықты, заманауи спектакль қою. Біз көрермен өзін іс-әрекеттің ажырамас бөлігі ретінде және осы спектакльдің ішінде жүргендей сезінгенін қалаймыз. Балетке арналған костюмдерді Ресейдің Халық суретшісі Вячеслав Окунев жасады. Әдеттегідей, олар өздерінің ерекше стилімен ерекшеленеді. Сценографияны итальяндық суретші Уильям Орланди әзірледі. Оның идеясы біз үшін мүлдем басқа, қайталанбас декорацияның құрылысын жүзеге асырды, оның ерекшелігі – декорациялардың спектакль кезіндегі қозғалысы. Бұл спектакльге сахналық кеңістік пен динамиканың жаңа сезімін сыйлайды, ал қойылымды бейнематериалмен қанықтыру балеттің шынайы әрі көркемдік тұтас қабылдауын қалыптастырады".

Гүлжан Түткібаева.

 

«Қоюшы-суретші Орландидің « Корсар» балетінің сценографиясы – сахна кеңістігінің тұжырымдамалық-жаңа көркемдік шешімі. Трансформацияланатын декорациялар-сахна бойындағы сырғымалы қабырғалар, төмен түсетін, көтерілетін объектілер сахнада болып жатқан нәрсені жанды қабылдауды қалыптастырады. Көлемді конструкциялар, бейне - графика салынған көркем декорациялар көрерменнің қабылдауына керемет көрініс береді. Шытырман оқиғалы, өнертапқыштық сценография, образдардың реинкарнациясы көркем сахналық көрініс жасайды. Күрделі конструктивті декорациялар, сахнада бейнеленген инженерлік идеялар көрерменнің көз алдында бір күйден екінші күйге ауысады, осылайша тірі кеңістік пайда болады. Суретшінің барлық жоспарлары театр ұжымының үйлесімді жұмысының арқасында сахнада жүзеге асырылды. Әлемге әйгілі жоғары кәсіби суретшінің жұмысын жалғастыруды мәртебе санаймын. Қойылымды кәсіби деңгейде жүзеге асыра отырып және оның идеяларына құзыретті бола отырып, техникалық жаңалықтар мен жетілдірулер енгізе отырып, Абай атындағы опера және балет театрының аңызға айналған ұжымымен инженерлік әзірлемелерде, есептеулерде, макет жасауда, сахналық механикада жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып, біздің республикамызда театр ұжымында суретші-сценографтар, балетмейстерлер, хореографтар және т.б. опера және балет қойылымдары сияқты жоғары кәсіби кадрлардың бар екенін дәлелдейді».

Есенгелді Тұяқов