БОЛЕРО

"Болеро"

Морис Равель

Бір актілі балет

Отавио Коралдың «Bodies in Bolero» өленінің сценарий желісі негізінде

 

Абай атындағы ҚазҰОБТсимфониялық оркестрі және балет труппасы

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-хореограф - Рикардо Амаранте (Бразилия)

Қоюшы-дирижер - Ерболат Ахмедьяров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф және костюм суреткері - Рене Давид Салазар (Бразилия)

История

Испанияның ерекше болмысты өнерімен етене таныс Морис Равель, әйгілі биші, орыс балетінің солисі Ида Рубинштейннен алған әсерінен қайталанбас туынды “Болероні” шығаруды ойлады. Кезінде Ида Париждің Гранд-Опера сахнасында испан тақырыбын арқау еткен хореографиялық композицияны орындауды көздеген еді.

Хореограф Рикардо Амарантенің айтуынша, оның Болеро хикаясы әйел сұлулығы мен нәзіктік идеалдарын дәріптейді - «Маған Болероны қою туралы ұсыныс түскенде, мен бір уақытта шабыттанып та, қорқып та кеттім. Өйткені, әлемдік хореография бұл балеттің қойылымдарының көптеген мысалдарын біледі. Болероны дүниеге әкелген әйел Ида Рубинштейннің әйгілі портреті мені шабыттандырды. Мен сезімтал, эмоцияларға қанық балет жасағым келді. Шексіз қиялдар бізді махаббат, қызғаныш пен құмарлық әлеміне жетелейді».

Рикардо Амарантенің қойылымы – бұл айғай, құмарлықтың қайнауы және бидің желіккені. Сахнада орын алған барлық нәрседе классик- модерн байқалады – ол бишілердің қозғалысы болсын, декорациялар мен жарықтың көрермен көңіліне әсер етуі болсын. Ал музыка, күмәнсіз, қойылымнан алған әсерді тек екілендіріп отырады.