
3-бөлімді опера
Дж. Адами мен Р. Симонидің либреттосы
Оқиға Бейжіңде (ерте заманғы кезде) өрбиді
Қатысушылар мен орындаушылар:
Турандот ханшайым
Альтоум, оның әкесі, Қытай императоры
Тимур, тақтан құлаған татар патшасы
Бейтаныс ханзада (Калаф), оның ұлы
Лю, Тимурдың жас тұтқын қызы
Пинг, Ұлы министр
Панг, Ұлы аспазшы
Понг, Ұлы кеңесші
Мандарин
Императорлық жасақ, нөкерлер, бас жендет және оның көмекшілері, балалар, данышпандар, үш Ажал, халық - хор, балет артистері, цирк артистері, миманс.
Шулаған халық Бейжіңдегі ежелгі императорлық сарай қабырғасын қоршап тұр. Адамдар қайта абыржулы, қаншасыншы рет олар салтанатты түрде аспан ұлы – Альтоум императордың жарлығын жариялап тұрған мандариннің даусын естуде: « Кімде-кім оның қызы Турандот ханшайымның қолын сұраса, оның үш жұмбағына дұрыс жауап беруі тиіс. Жолы болмағанды қатаң жаза – өлім күтеді; оның кесілген басы сарайдың қабырғасында ілініп тұрған бастардың қатарына қосылады...». Көптеген ержүрек жігіттер тасбауыр Турандоттың тілегін орындау үшін өз өмірлерін қиды. Қытай императорының қызының ғажап сұлулығын естіп, жас жігіттер бірінен соң бірі осы қалаға келіп, қаза болып жатқандары аз емес... Міне, қазірде атып келе жатқан күннің сәулелері көне ғибадатхананың шатырына түсіп, кезекті құрбан – жас парсы ханзадасының басы шабылады.
Жұрт жинала бастайды. Олар Турандоттың келуін қүтуде, сол кезде қанды көріністің болатыны анық. Соқыр әлсіз шал басталған абыр-топырдың астында қалады. Оның қасындағы жас қыз қатты айқайлап көмек сұрайды. Күзет жұртты тоқтатады. Күзет басшысы Калаф кенеттен құлап жатқан шалдан өзінің әкесі – татар ханы Тимурды танып, таң қалып қуанады. Зұлым дұшпандары тақтан құлатқан соң, байғұс қария бірнеше жылдар бойы жат елде тентіреп жүргені. Оның осы күнге дейінгі жалғыз сүйеніші осы жанқияр жас тұтқын қыз - Лю.
Жас қыз Калаф ханзадасына қуана құрметпен сәлем береді. Оның жүрегіндегі оған деген махаббаты ешқашан өшпеген еді... Калаф парсы ханзадасын жазаға әкеле жатады. Алаңда сұлулығы бір көргеннен көздің жауын алатын Тұрандоттың бейнесі бар үлкен пұт көрінеді.
Ашумен қарғыс айтып тұрған Калаф кенеттен тоқтап қалып, оның Турандотқа бір қарағаны жеткілікті еді, ханшайымның сұлулығының күші оны баурап алды. Қарт Тимур мен Лю оны бұл қауіпті ойынан айнытуға тырысады. Бейтаныс жат жерлік жігіттің қаза болатынын болжаған императордың жанындағы үш нөкері – Пинг, Понг және Панг та оны бұл ойынан бас тарттыруға тырысуда.
Қасында жалынып-өтініп тұрғандарды Калаф естімейді. Ол алып гонгты үш рет соғады – бұл жаңа үміткердің келгенін білдіретін еді.
Альтоумның нөкерлерінің – Ұлы министр Пингтың, Ұлы аспазшы Пангтың және Ұлы кеңесші Понгтың тағдырлары қызығарлықтай емес. Мазасыз және күйінішті ойлар оларға түні бойы тыныштық бермейді. Осы мазасыз мемлекеттік жұмысты тастап, Бейжіңнен кетіп, табиғат аясында өмірдің тыныш рахатын көру олардың әрқайсысының арманы еді.
Амалсыздан олар Турандот ойлап шығарған, бірнеше жыл жалғасып келе жатқан қанды ойынның куәгері болуға мәжбүр.
Мағынасыз қантөгістен шаршаған халық наразылық білдіруде. Таң атып келеді, онымен бірге кезекті – сынақ. Бейтаныс батырды не күтіп тұр - өмір бе, әлде өлім бе? Ал егер қайтадан өлім болса, Турандоттың айлалы жұмбағын шешіп, махаббатқа сендіріп, елге көптен күттірген тыныштықты сыйлайтын батыр бар ма?
Императордың сарайының кең ауласына халық қайта жиналды. Тақта аспан Ұлының өзі – құдіретті Альтоум отыр. Ол жат елден келген адамға Турандоттың қауіпті ойынынан бас тартуға әлі де кеш еместігін ескертеді.
Императордың дана кеңесін қасындағы кеңесшілері мен халқы да бірауыздан мақұлдады. Мандарин Калафқа жауаптардан бір қате кетсе, жендеттің өткір айбалтасынан құтыла алмайтындығын тағы да ескертеді. «Аспан Ұлы, сынаудан өтуге бұйрық беріңіз!» - деп жас жігіт айқай салады.
Турандот қуана кезекті жеңістен және кезекті өлім жазасынан дәмелі. Ол барлық еркек аттыларды, әсіресе жат елдің ерлерін жек көреді. Ерте замандағы аңызда осы Алтоумның қызы жататын әулеттің Қытай ханшайымын жат елдің жаулап алушысы масқара қылғаны туралы айтылатын.
Бұл масқара тек қана қанмен жуылады, сондықтан алда да ақымақ еркектердің бастары шабу жалғассын! Айтпаса да, махаббат сезімі тәкаппар Турандотқа таныс емес еді.
Ол Калафтан тәкәпарланнып сұрайды: «Түнде адамды еліктіріп, таңата жоқ болатын, бірақ келесі түнде оттай жалындап қайта оралатын не?»
Жігіт: «Турандотқа құмартқан үміт» - деп жауап береді. Данышпандар да – ия, үміт - деп растайды. «Жалындай лаулайтын не? Бірақ алау емес» - деген сұраққа - «Турандотқа деген махаббаттан өртеген адамның қанындағы от» - деген жас жігіттін екінші жауабы да дұрыс болды. Үшінші –ең соңғы, әрі ең қиын сұрақ қалады. «Мұз секілді, бірақ оттан қатады»? Калаф ұзақ үнсіз қалады. Сол жерде жиналғандар, император мен оның нөкерлері де, Тимур мен Лю де қатты толқып тұрады. Жігерлендіретін қолдау сөздер естіліп жатыр...
Зор жеңісіне күмәні жоқ Турандот енді өз жеңісін мерекелеуге дайын еді, алайда соңғы мезетте махаббат жігітке дұрыс жауапты ойына салады: «бұл - Турандоттың өзі! Ханшайымның жүрегіндегі мұзды менің махаббатымның оты ерітеді» - деп жауабын жалғастырады.
Абыржыған күйі сасқалақтап, қорқынышын жасыра алмаған Турандот әкесінен жарлықты жойып, өзінің берген уәдесін қайтып алуды жалбарынып сұрайды. Ол бейтаныс адамның жары болғысы келмейтінін айтады.
Бірақ император өз сөзінен қайтпайды: өз өмірін қауіп қатерге тігіп, үш сұраққа дұрыс жауап берген адам оның қызын жар қылып алады.
Халық қуанышты дауыспен осы айтылған әділетті сөздірді мақұлдайтындығын білдіреді. Кенеттен ойламаған жерден жеңімпаз өзінің құқығынан бас тартатынын айтып, барлығын таңғалдырады. Алдағы некеге Турандот қарсы. Ол оны мүжбүрлей алмайды. Өз жарым деп сәтсіз жеңіліспен жолы болмаған ханшайымды емес, оны шынайы сүйетін жанды атағысы келеді. Онда осылай болсын, ендігі сұрақты өзі қойып жауабын Турандот беруі керек. Күн шыққанша ханшайым жеңімпаздың есімін тауып айту керек. Туған әкесі мен оның құлынан басқа Бейжіңде ешкім оның атын білмейтін еді.
Алда ұзақ түн. Турандот күн шыққанша оны есімін таба ала мекен әлде ол өз еркімен басын шабуға бере ме? Император бұл шартқа өзінің келісімін береді.
Бұл түні өлім жазасына кесілу қорқынышымен Бейжіңде бір де бір адам ұйықтамасын деген Турандоттың бұйрығын жаршылар жариялады.
Бейтаныс адамның шын атын Сарайдағылар білуі үшін қаланың әр бір тұрғыны қолдан келгеннің бәрін істеулері керек. Бұл құпияны Турандот білгеннен кейін, таң сәріде тағы да біреудің басы баспалдақтан домалары анық. Оның құзырындағыларға да онай болмайды.
Калафта күмән жоқ. Ол өзінің Тимурдың ұлы – Калаф екендігін өзге біреуден естімес. Кенеттен жас жігіттің алдында бетперде киген Пинг, Панг, Понг сарай қызметшілері пайда болады.
Ашулы Турандот жұмбақтың жауабын таппаса, таң атқанда мыңдаған тұрғынды азапты өлім жазасы күтетіндігін айтып, олар бейтаныс жігіттен кетуін сұрайды. Жиналған халықтың да қалауы сол. Бірақ Турандоттың сүйіктісі болу арманынан оны ешкім айныта алмайды.
Жұрт кәрі шал мен оның қасындағы қыз байқайды. Олардың Бейтаныс жігітпен сөйлесіп тұрғанын көргендер бар еді. Бәлкім олар оның атын біледі? Лю бейтаныс жігіттің есімін жалғыз өзіне мәлім екендігін және оны айтуға ешкім мәжбүрлей алмайтындығын айтады. «Жас қыз өзін қандай азап күтіп тұрғанын сезе ме?» - деп күтпеген жерден келген Турандот қыздан сұрайды. Көпшілік қыздан бейтаныстың шын есімін айтып, өздерін кекшіл ханшайымның жазасынан құтқаруын сұрайды. Бірақ қыз тіл қатпайды, жендет өз ісіне кіріседі. Калафтың оған көмектескісі келсе де, оның қолы байлаулы. Лю ары қарай азапқа шыдай алмай, өзіне қол салады. Турандот аң-таң – қыздың өзін-өзі құрбан етуінің себебі неде? «Махаббат» - деген жауапты естиді. Калафтың көз алдында оның әкесі Тимур да қаза болады. Қазалы шеру ақырындап алаңнан кете барады. Лю мен Тимурдың таза жандары ақыретте дүние салады. Калаф пен Турандот жалғыз қалады. Аспанның көкжиегі көрініп, жарық түсе бастайды. Таң атып келеді. Кенет Калафтың тұла бойын құмарлық билеп, ол Турандотты құшағына құшады. Турандот та қарсылық білдірмейді. Ақыр соңында ханшайымның жүрегінде махаббат оянады. Бақыттан Калаф өзінің құпиясын ашып қояды.Турандот жеңді – ханзаданы өлім жазасы күтіп тұр.
Мерекелік марштың әуенімен жиналған халықтың алдында Турандот оның есімін атау керек. Бірақ Турандоттың жүрегінде оянған махаббат - олай істеуге ерік бермейді. «Оның аты – Махаббат» - дейді ол. Бұл жауап Калаф пен Турандоттың басты жеңісі болған еді!