
Виолетта Валеридің үйінде көңілді кеш өтіп жатыр. Қонақтардың арасында Альфред Жермон да бар.Ол бір көргеннен Виолеттаға ғашық болып қалдаы. Альфред қонақтардың сұрауы бойынша махаббат пен шаттық гимнін айтады.Ол Виолеттадан өзінің сезімдеріне жауап беруін ,ғашықтығына сенуін сұрайды.Бірақ Виолетта Альфредтің құштарлық сезімдеріне қалжыңмен жауап қайтарады. Ол оған олардың болашақ кездесуінің кепілі-гүл ұсынады. Қонақтар тарайды.Виолетта жалғыз қалады,Ол қатты толқыныспен Альфредтің сөздерін есіне түсіреді. Оның өмірінде алғаш рет жаңа сезім- махаббат оянды.
Флораның үйіндегі бал-маскарад қызып жатыр.Карта ойнвйтын столдағы ойыншылардың арасында Альфред те бар.Барон Дуфоль мен Виолетта келеді.Флора оларды қуана қарсы алады,Виолетта үшін ешқандай қызық жоқ.Ол өзінің сүйіктісімен айырылысқанына қатты қиналуда. Альфред баронмен ерегесіп қалады, оның өмірі үшін қобалжыған Виолетта жекпе-жекті тоқтатуға тырысады. Бірақ өзінің алданғанына сенімді Альфред қонақтардың көзінше оны масқаралап, бетіне “махаббаттыңның құны” деп ақша лақтырады.
Ауру мен қайғы жеңген Виолетта күн сайын әлсіреп барады.Доктор Гренвиль оны жұбатқанымен ол өзінің соңғы сәті жақындағанына сенімді. Виолетта қызметшісінен барлық ақшаны кедейлерге таратып беруін сұрайды. Жалғыз қалған соң Жермонның хатын қайталап оқиды. Ұлының қайтып келетіні жайлы жеткізген ол Альфредке барлық шындықты айтқанын хабарлайды. Даладан көңілді мереке дауысы естіледі.Жүгіріп кірген Аннина Альфредтің оралғанын айтады. Ғашықтардың бақытында шек жоқ.Олар Парижден кетіп, жаңа өмір бастауға ұйғарады.Енді оларды ешкім де айыра алмайды.Виолетта әлсіреп барады. Жермон өкінішке орай өзінің Альфред пен Виолеттаның некесіне берген келісімі тым кеш келгеніне сенімді. Виолетта соңғы демі шығарда Альфредке ұмтылып, оның құшағында көз жұмады.