СЕЛЬСКАЯ ЧЕСТЬ

"СЕЛЬСКАЯ ЧЕСТЬ"

 

бір бөлімді опера

П.Масканьи

либреттосы Джованни Тарджони-Тоццетти мен Гвидо Менашидігі

Джованни Веригідің осы аттас новелласы бойынша

 

Қатысушылар:

 

Сантуцца

Туридду

Альфио

Лола

Лючия

История

XIX ғасырдың 70-жылдарының соңында Италияда жаңа шығармашылық бағытпайда болды, ол өткір шындық пен іске аспайтын романтикалық иллюзияларға толы өмір шынайылығын көрсетуді қорғады. Шыншыл жазушылар үшін ең адал әдеби жанр - бұл новелла еді, оның бас кейіпкері бақытсыз өмірді сүруге ұшыраған адам.

Итальяндық композиторлар Пьетро Масканьидің «Сельская честь» операсы және Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы» операсы музыкалық шыншылдықтың ең көрнекті өкіл-дері болды. Авторлардың шығармашылық тәжірибесінен кейін, шыншыл композиторлар өмірдің шынайы көрінісіне жүгінді.Екі опера да өте ықшамды, бір бөлімді етіп жазылған. Композиторлардың басты назарыкейіпкерлердің жеке драмаларына бағытталып, «жарқын әрі зор дауысты» етіп жеткізіледі:ешқандай бүкпе мәнсіз, тек қана шындық.«Сельская честь» және «Паяцы» бір бөлімді операларының тұсаукесері Абай ат.Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында 2018 жылдыңжелтоқсан айында орын алды. Спектакльдерді қою үшін Италиялық шығармашылық топ шақыртылды: қоюшы-режиссері – Лоренцо Мариани, сценографы, костюмдер бойынша суретшісі – Вильям Орланди, жарық бойынша суретшісі - Роберто Вентури және хореографы – Лучиано Канито. Музыкалық жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев болды.

 

Есте қаларлығы, ХХ ғасырдың 70-жылдарында Абай ат. ҚМАОБТ-да Р.Леонкавал-лоның бір бөлімді «Паяцы» операсы аңызға айналған орындаушылардың қатысуымен өт-кен: Роза Жаманова (Недда), Василий Яковенко (Канио), Артур Амонов (Тонио), Құрманбек Мырзабеков (Сильвио). Қоюшы-дирижері Қазақстанның халық әртісі Базаргали Жаманбаевболған.

 

«Сельская честь» операсы 1890 жылы Римде жазылған. Сондай-ақ, опера туындыавторына әлемдік атақ әкелген. Операның италиялық атауы «Cavalleria rusticana» «Сельская честь» болып аударылған. Спектакльде қатігездікке толы мазақты көрсетеді, көрермендеропераны тыңдай отырып, барлық кейіпкерлердің абыройсыз әрекеттерін байқайды. Пьетро Масканьийдің өзі жазушы Джованни Вергидің әуелгі әдеби түпнұсқасымен жұмыс жасайотырып, музыкалық материалда кейіпкерлердің мінездерін айтарлықтай жұмсартқан.