ПАЯЦЫ

Руджеро Леонкавалло

 

"ПАЯЦЫ"

 

1 бөлімді опера

Либреттосы Руджеро Леонкаваллонікі

 

Қатысушылар:

Канио

Недда

Тонио

Беппо

Сильвио

 

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

 

Қоюшы-дирижері - АСҚАР БӨРІБАЕВ, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы-режиссері – ЛОРЕНЦО МАРИАНИ (Италия)

Режиссер-ассистент – ЛӘЙЛІМ ИМАНҒАЗИНА, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Сценограф, костюмдер бойынша суретші – ВИЛЬЯМ ОРЛАНДИ (Италия)

Жарық түсіру бойынша суретші – РОБЕРТО ВЕНТУРИ (Италия)

Хореограф – ЛУЧИАНО КАННИТО (Италия)

Бас хормейстер – ӘЛИЯ ТЕМІРБЕКОВА

Тағылымгер-ассистенттер – НАТАЛИЯ СТАНКОВИЧ, ШАХАН ГУРХАН

История

XIX ғасырдың 70-жылдарының соңында Италияда жаңа шығармашылық бағытпайда болды, ол өткір шындық пен іске аспайтын романтикалық иллюзияларға толы өмір шынайылығын көрсетуді қорғады. Шыншыл жазушылар үшін ең адал әдеби жанр - бұл но-велла еді, оның бас кейіпкері бақытсыз өмірді сүруге ұшыраған адам.

 

Итальяндық композиторлар Пьетро Масканьидің «Сельская честь» операсы және Руджеро Леонкаваллоның «Паяцы» операсы музыкалық шыншылдықтың ең көрнекті өкіл-дері болды. Авторлардың шығармашылық тәжірибесінен кейін, шыншыл композиторлар өмірдің шынайы көрінісіне жүгінді.Екі опера да өте ықшамды, бір бөлімді етіп жазылған. Композиторлардың басты назарыкейіпкерлердің жеке драмаларына бағытталып, «жарқын әрі зор дауысты» етіп жеткізіледі:ешқандай бүкпе мәнсіз, тек қана шындық.«Сельская честь» және «Паяцы» бір бөлімді операларының тұсаукесері Абай ат.Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында 2018 жылдыңжелтоқсан айында орын алды. Спектакльдерді қою үшін Италиялық шығармашылық топ шақыртылды: қоюшы-режиссері – Лоренцо Мариани, сценографы, костюмдер бойынша су-ретшісі – Вильям Орланди, жарық бойынша суретшісі - Роберто Вентури және хореографы – Лучиано Канито. Музыкалық жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Асқар Бөрібаев болды.

 

Есте қаларлығы, ХХ ғасырдың 70-жылдарында Абай ат. ҚМАОБТ-да Р.Леонкавал-лоның бір бөлімді «Паяцы» операсы аңызға айналған орындаушылардың қатысуымен өт-кен: Роза Жаманова (Недда), Василий Яковенко (Канио), Артур Амонов (Тонио), Құрманбек Мырзабеков (Сильвио). Қоюшы-дирижері Қазақстанның халық әртісі Базаргали Жаманбаевболған.

 

 

«Паяцы» опералық шыншылдықтың классикалық үлгісі. Опера мазмұны композитордың бала кезінен есіне сақтап қалған шынайы оқиғаға негізделген. Сол замандарда шындықтан аулақ болу үшін жосықсыз рөлдерді сомдайтын қаңғыма комедианттардың әлемін осыншалық айқын сипаттайтын музыка жазу ешбіркомпозитордың қолынан келмеген.