
Микаэла атты әдемі қыз Хозені оның анасының сұрауы бойынша іздеп жүр.Хозенің анасы ұлының үйге оралып,үйленуін армандайды.Қарапайым да тәрбиелі Микаэладан артық қалыңдық табу мүмкін емес. Хозенің достарының ортасында Микаэла сияқты қызды көру таңсық нәрсе.Хозе,керісінше, Кармен сияқты батыл да қайсар қыздардың қылықтарына таңқалуда...Кармен еркектерді өзіне магниттей тартады. Хозеден басқасының барлығын..Кармен мен Хозенің кездесуінен басталған олардың махаббат тарихы екеуінің тағдырына әсер етеді. Микаэла Хозеге анасының хатын береді. Ол анасның айтқанын орындауға уәде берсе де, Кармен туралы өзін жегідей жеген ауыр ойдан арыла адлмайды. Хозе әйелдердің айғайласқан дауыстарын естиді. Әйелдер Цунигаға бір әйел жарақаттанған жанжал жайлы айтады.Олар бәрін бастаған Кармен екенін айтып,оны жазалауды талап етеді.Цунига Хозеге Карменді ұстауға бұйрық береді. Хозе мен Кармен жеке қалады. Кармен Хозеге оңаша жерде, ұмытылмайтын кеш уәде етеді. Хозенің сұлу қыздың айласына берілмеске тырысқанынан ештеңе шықпайды. Ол Карменді босатып жібереді. Карменді қашырғаны үшін Цунига Хозені тұтқындайды.
Цунига мен Карменнің достары әрқашанғыдай кештерін әнмен,бимен,шараппен көңілді өткізеді. Цунига Карменге Хозенің тұтқыннан босатылғанын айтады. Цунига өзінің марапатын-Карменмен кездесуді күтеді. Тосын қонақ –көпшіліктің сүйіктісі, атақ,даңқ, қошаметтен басы айналған Эскамильо келеді. Ол қыздардың арасынан Карменге ерекше назар аударып, кездесуге үмітті екендігін білдіреді. Барлығы Эскамильоның соңынан ереді... Талай рет қауіпті істерді бірге атқарған Карменнің достары келеді.Қазір де Данкайро,Ремендадо,Фраскита,Мерседес оны табысы көп шаруаны атқаруға шақырады.Кармен барудан бас тартады. Босаған соң Хозенің озіне келетіндігіне ол сенімді. Достары Карменді ғашық болып қалдың ба?- деп күлкіге айналдырады.Қанша рет ғашық болды, не болса да әскери киімді жігіттің пайдасы болып қалуы мүмкін. Кармен оны көндіре алтын шығар?.. Хозе бақытты.Ол нәзік,сұлу Карменмен кездесу үшін қазармадан шыға алды. Трубаның дауысы Хозені қайта шақырады. Кармен үшін басты айқас алаңы-махаббат, осы алаңды тастаған адам-қорқақ,қашқын.Ол Хозені өзімен бірге баруға үгіттейді. Удай мас Цунига Хозеге қазармаға баруға бұйырады.Төбелес басталады.Айқай-шуға Карменнің достары жиналады. Олар Цунигаға аман-сау тұрғанында кетуін ұсынады.Хозені өздерімен бірге қалуға шақырады.Болған оқиғадан соң әскери қызметке қайтар жол жоқ екендігін түсінген Хозе Карменмен бірге жердің түбіне баруға да дайын.
Карменнің достары жолға шықты.Тау арасындағы қауіпті соқпақтармен олар контрабандалық тауарды өткізулері керек,Хозе мұнда бөтен адам,Ол енді әскери адам емес, бірақ әлі қарақшы да емес.Ол Карменнің мінезінің қатты өзгергенін байқайды.Карменнің құрбылары карта ашады:біреуіне-байлық, екіншісіне-махаббат,Карменге-өлім түседі. Олар тоқтаған шатқалға Микаэланы ертіп жолбасшы келеді. Ол Хозені құтқаруға көметесуін құдайдан жалынып сұрайды.Кенет ол қару ұстаған Хозені көреді.Атыс дауысы.Микаэла тығылып қалады.Эскамильо келеді.Оқ оның төбесінен өтеді. Эскамильо Хозеге өзінің Карменге деген сезімі осы бір қауіпті де қиын жолға шығарғанын айтады. Қызғаныштан көзі қарайған Хозе оны жекпе-жекке шақырады. Қанжарлары жарқылдаған еркектердің қанды айқасын Кармен тоқтатады. Эскамильо олардың барлығын Карменмен бірге корридаға шақырады.Ол кетеді,қарақшылар жолға дайындалады.Ремендадо Микаэланы көріп қалады. Бейтаныс қызға барлығы таңқалады. Микаэла Хозеге үйіне қайтуын сұрайды. Кармен оны мазақтап,қуып жібереді. Ашу-ызаға булыққан Хозе Карменді өлтіруге дайын. Тек анасының өлім халінде жатқандығы жайлы хабар ғана оны тоқтатады. Ол Микаэламен бірге кетеді. Тау арасынан Эскамильоның дауысы естіледі.Карталар өлімді көрсетті. Тореадордың жеңіс әні не айтады? Жаңа махаббат? Жаңа өмір?