РОМЕО мен ДЖУЛЬЕТТА

3 актілі балет

С. Прокофьев

либреттосы С. Радлов, А. Пиотровский, С. Прокофьев

Ю. Григоровичтің өңдеуінде

У. Шекспирдің аттас трагедиясы бойынша

 

Қатысушылар:

Өштескен екі әулеттің басшылары:

Капулетти

Монтекки

 

Ромео, Монтеккидің ұлы

Джульетта, қызы

Капулетти ханым

Тибальд, Капулеттидің немере інісі

Меркуцио, Ромеоның досы

Парис- герцогтың туысы, Джульеттаның жігіті

Лоренцоның ағасы, монах

Джульеттаның асыраушысы

Верона герцогы

Джульеттаның құрбылары Меркуционың достары Тибальдоның достары

 

Қала тұрғындары, рыцарьлар, бикештер, құрдастар, құрбылар, монахтар, маскадағы адамдар, елестер, музыканттар – балет артистері. А.Селезнев атындағы Алматы хореоргафиялық училищесінің оқушылары.

Атақты ағылшын драматургы әрі ақын Уильям Шекспир 1594-1595 ж.ж. жазған “Ромео мен Джульетта” трагедиясы көптеген суретші, композитор, режиссер, балетмейстерлерді осы уақытқа дейін маңыздылығын жоғалтпаған жаңа шығармаларды жазуға шабыттандырып келеді.

 

У. Шекспир шығармаларындағы үлкен сезімнен тұратын махаббат иелері- ғашықтар ескі дәстүр-ырымдарға қарсы шығып, өз сезімдері жолында күреседі. Трагедияда басты кейіпкерлердің бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігі мен олардың ата-аналарының арасындағы ғасырлар бойғы өшпенділік - қоғамдық және жеке өмірдің шырқын бұзатын, ымыраға келмейтін қақтығыс суреттеледі.

 

Екі ғашықтың қайғылы махаббаты, олардың өлімі - өштескен екі әулеттің келісімге келіп, бәтуаласуына жол ашады.

 

Орыс композиторы С.Прокофьевтің “Ромео мен Джульетта” балеті - ХХ ғасырдың атақты балет спектаклі болды.

 

Юрий Григорович суретші Симон Вирсаладземен бірге 1978 жылы Париж Ұлттық опера театры үшін осы балеттің өзіндік нұсқасын өмірге әкелді. Бір жылдан кейін Үлкен Театрда балеттің мәскеулік нұсқасының премьерасы болып, үлкен табысқа ие болды.

1999 жылы Ю. Григорович С. Прокофьевтің музыкасына қайта оралып, “Кремль балеті” труппасы үшін балеттің жаңа нұсқасын қояды.

2001 жылы Ю. Григоровичтің Краснодар театрында қойған балеті - өзінің жаңа қырларымен айшықталды.

 

2010 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының репертуарына атақты авторлар - композитор С. Прокофьев, балетмейстер-қоюшы Ю. Григорович, суретші С. Вирсаладзенің “Ромео мен Джульетта” балеті кірді.