ФРЕСКАЛАР

Тимур Мыңбаев

«Фрескалар»

2 актілі балет

Олжас Сүлейменовтың «Қыш кітап» поэмасының желісінде

Хореографиясы мен либретто: ҚР Халық әртісі, профессор Зәуірбек Райбаевтікі

 

 

Қатысушылар мен орындаушылар:

Шамхат, Іштөре тәңірінің абыз әйелі

Ішбақа, Ішқұзы тайпасының көсемі 

Косог

Косогтың келіні

Есімсіз

Хор-Ахте

Кене-Сары

Кентавр

Кішкентай жылқы

Қырқұзы тайпасының қағаны

 

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, балет және хоры

 

 

Балетмейстер-постановщик - Зәуірбек Райбаев, ҚР Халық әртісі

Қоюшы суретші  - Евгений Сидоркин, Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген әртісі, Шоқан Уәлиханов ат. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақ КСР Халық әртісі.

 

Бас дирижері – Ерболат Ахмедьяров, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Қалпына келтірілген қойылымның көркемдік жетекшісі – Гүлжан Түткібаева, ҚР Халық әртісі

Қалпына келтірілген қойылымның суретшісі - Вячеслав Окунев, ресей халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты

Бас хормейстер – Әлия Темірбекова

История

ХХ ғасырдың 80-жылдарында Зауырбек Райбаевтың хореографиясындағы Тимур Мыңбаевтың балеті мен сахна безендіруші Евгений Сидоркиннің декорациясы «Фрескалар» қойылымы бүкіл посткеңестік кезеңнің мәдени қауымдастығын дүр сілкіндірді, барлық театр қағидаларын бұзды, көптеген өнерқұмарлардың заманауи балет қандай болуы мүмкін екендігі туралы қатып қалған ұғымдарын талқандады.

Премьералық қойылымы 1981 жылы 9 шілдеде Ленинград қаласында Кіші опера және балет театрының сахнасында өтті, онда Абай атындағы ҚазҰОБТ-ның сегіз гастрольдік балет қойылымының ішінде сыншылар «Фрескалар» туралы атап өтті. Негізгі партияларды орындағандар: Рамазан Бапов (Ішбақа - Ішқұзы тайпасының көсемі), Майра Қадырова (Шамхат - Іштөре тәңірінің абыз әйелі), Александр Медведев (Кентавр), Эдуард Малбеков (Ақсақал), Дүйсембек Нақыпов (Косог), Людмила Ли (Косогтың келіні).

Олжас Сүлейменовтің «Қыш кітап» поэмасының желісіне негізделген, поэтикалық тұсаукесерде біздің заманымызға дейін аңыз әңгіме түрінде жеткен ертедегі тарихи оқиғаларды баяндайды. Хореографтың өзі жазған либреттода 4-6 ғасырлардағы Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі скифтердің тарихи өмірі, тұрмыс-салты көрсетілген.

Сахналық әрекеттің сюжеті скифтік тератологиялық стильде жасалған тоғыз тірілген фрескалармен ұсынылған. Әрбір фрескада эмоционалды көңіл-күй тудыратын және бейнеленген оқиғалардың мәнін білдіретін өз атауы мен поэтикалық эпиграфы бар. Бейнелік шешімі түсіну драматургияның мозаикалық түріне айналуының себебі ретінде шешілді, мұнда композициалық тұтастық жеке-дарадан тұрады.

«Фрескалар» қойылымының хореографиясы жарқын, көркем бейнелі, пластикалық лексиканың соңғы құралдарымен толтырылған, мұнда қазақ хореографиясының элементтерімен өрілген классикалық бидің жаңартылған түрлері экспрессивті пантомимамен, спорттық және акробатика элементтерімен үйлеседі.

Музыканың, сценарийдің, сценографияның, хореографияның органикалық бірігуінің үйлесімділігі «Фрескалар» балеті әлемдік хореографияның үздік үлгілері ретінде бір қатарға қояды.

«Фрескалар» балеті ҚазҰОБТ сахнасында соңғы рет 2008 жылы өткен болатын.

ҚазҰОБТ ұлттық мәдениетті сақтау және насихаттау мақсатында 2022 жылы ұлттық хореографияның — жауһар туындысын Тимур Мыңбаевтың балеті, Зауырбек Райбаев хореографиясы, сахналық безендіруші Евгений Сидоркиннің декорациясын қайта жаңартты.