Б.Асафьев
Бақшасарай бұрқағы
3-бөлімді балет-поэма
Н. Волковтың либреттосы
А.С.Пушкиннің аттас поэмасының желісі бойынша
Р. Захаровтың хореографиясы
Князь Адамның қамалы алдындағы парк. Терезеден музыка естіледі-бал болып жатыр. Паркте князьдің қызы Мария мен Вацлавтың кездесуі. Күзетшілер татар жауынгерін ұстап әкеледі.Татарлар жақын жерде. Мереке жалғасуда. Билеп жүргендердің арасында- Вацлав пен Мария. Күзет бастығы татарлардың қамалдың жанында екендігін хабарлайды. Әйелдер қашып, ерлер қорғанысқа дайындалады.Ұрыс басталады.Перде жамылған Вацлав пен Мария қашып кетуге тырысады.
Олардың жолын Гирей хан бөгейді.Оның қанжарынан Вацлав ажал қшады.Гирей Марияның бетпердесін сыпырып,оның сұлулығына таң қалады.Қызды алып кетеді.
Гирейдің гаремі. Ханның әйелдерінің арасында оның сүйікті әйелі Зарема ерекшеленеді.
Жорықтан Гирей оралады....Зембілдегі Марияны сарайға әкеледі.
Зарема Гирейді қуанып қарсы алады,бірақ оның ойы тек Марияда. Әйелдері Гирейдің көңілін аулай алмайды. Зареманың ханның көңілін аудармақ ниетінен ешнәрсе шықпайды, Зарема есінен танып құлайды.
Бақшасарайдағы Марияның бөлмесі. Гирей келеді, Марияға жақындайды, бірақ ол тағы да қорқып қашады. Гирей кетеді. Мария өзінің үйін,өткен бақытты күндерін ойлап қайғырады.
Қанжар жасырған Зарема келеді. Ол өзінің Гирейге ғашықтығын айтады. Марияның күтушісі қашып кетеді. Гирейдің киімдерін көрген Зарема сүйіктісін қайтармаса Марияны өлтіретіндігін айтады.
Гирей жүгіріп келіп,Зареманың қолынан қанжарды жұлып алмақ болады,бірақ Зарема Марияны пышақтап үлгіреді. Гирей Зареманы күзетшілерге тапсырады.
Хан сарайының алдында Гирей өзінің нөкерімен ойға шомып, үнсіз отыр. Жорықтан оралған әскер ханға қымбат сыйлықтар, тұтқын-қыздардың жаңа тобын сыйға тартады. Гирей үшін енді бәрібір-теңізге лақтырылған Заремның қазасы да оның назарын аудармайды. Қасындағылардың барлығын босатып, жалғыз қалады.Гирей құрылысшыларға Марияға арнап қойылған “Көзжасының бұрқағы” ескерткішін ашуға бұйырады.
Гирей қалың ойдың құшағында. Көз алдына Марияның бейнесі келеді. Таң атады.Сұлу елес ғайып болады...
Гирей жападан-жалғыз бұрқақтың жанында әлі отыр...