А. Жұбанов, Л. Хамиди "АБАЙ"

17/09 - 19:00

*театрға келген кезде маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау маңызды

 

*көрермендер залында сатып алынған билетте көрсетілген орындарға отыруларыңызды өтінеміз

 

*Құрметті көрермендер!

Абай атындағы ҚазҰАОБТ негізгі қызметін қауіпсіз жүргізу бойынша "Ашық" қосымшасының пилоттық жобасының қатысушысы болып табылады,

бағдарлама аясында театрға барудың арнайы ережелері әзірленді, олармен спектакльдерге барар алдында танысу қажет.

 

17 | 09 | 2021

19.00

 

Ахмет Жұбанов, Латыф Хамиди

Либреттосы Мұхтар Әуезов

"АБАЙ"

3 бөлімді опера

Спектакльде екі үзіліс бар.

Ұзақтығы: 2 сағат 40 минут

Жас санаты: 10+

Опера қазақша синхронды орыс және ағылшын субтитрлерімен орындалды

 

«Абай» операсы – Қазақстанның опера өнерінің ең үздік жетістіктерінің бірі. Бұл – Қазақтың қазіргі заманғы мәдениетінің негізін қалаған үштік – композиторлар А.Жұбанов пен Л. Хамидидің, жазушы М.Әуезовтің ұлы музыкалық және сахналық шығармасы, ол әлі күнге дейін өзінің классикалық дүниетанымында операның жетілу шыңына көтерілудің белгілі бір нәтижесі болып көрінеді.

Опера либреттосын Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» романына негізделе отырып жазған. Романның кейіпкері - белгілі қазақ ағартушысы, философ, ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, орыс және еуропалық мәдениетті жақындастыру рухындағы мәдениеттің реформаторы - Абай Құнанбаев (1845-1904).

Музыканың авторлары - көрнекті музыкатанушы, дирижер, Қазақстанның музыкалық білімінің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Жұбанов және композитор, көптеген романстар мен вальстердің авторы Латиф Хамиди болды.

Операны жазудағы бастапқы нүкте Ахмет Жұбановтың Мұхтар Әуезовтың аттас драмалық спектакліне жазған музыкасы болып табылады. Сонау 1940 жылы Ахмет Қуанұлы пьеса авторына толықдрамалық спектакльдің сюжетін негізге алып, алайда мәтінді қоюлатып, қысқартып операға либретто жазып беруін өтінеді.

Спектакльдің алғашқы режиссері Құрманбек Жандарбеков, декорация суретшісі Құлахмет Қожықов, дирижері Леонид Шаргородский болды. Бас партияларды тұңғыш орындаушылардың бірі көрнекті опера баритоны, КСРО Халық әртісі – Ришат Абдуллин (1916-1988). Оның өнердегі мансабында көпеген жарқын образдар сахналанды: «Евгений Онегин» операсындағы Онегин, «Ер-Тарғындағы» Тарғын және «Біржан-Сарадағы» Қожақұл, алайда Абай бейнесін ол бәрінен де ұзақ, яғни 80-ші жылдардың ортасына дейін сомдады. Кейінірек бұл образды Қанабек Байсейітов, Ермек Серкебаев және Ғафиз Есімов сомдады, Күләш Байсейітова, Шабал Бейсекова және Роза Жаманова Ажар рөлінде гауһардай жарқырады, Әнуарбек Үмбетбаев, Байғали Досымжанов, Нариман Қаражігітов және Әлібек Дінішевтер ғашық Айдардың бейнесін сахнада талай сомдаған.

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Абай, ақын, ағартушы - Талғат Кузембаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Ажар, Айдардың ғашығы - Венера Алпысбаева

Айдар, ақын, Абайдың шәкірті - Нұржан Бажекенов

Жиренше, би - Александр Сметанин

Әзім, Абайдың туыс әрі шәкірті - Болат Букенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қарлығаш, Абайдың туысы - Оксана Давыденко

Көкбай, ақын, Абайдың жас досы - Дулат Тоқанов

Сырттан, жоғарғы би, ақсақал (құрметті қарт) - Таир Тәжі

Нарымбет, Жиреншенің туысы - Болат Қанағатов

Мес, Нарымбеттің нөкеріндегі жігіт - Фархат Кубиев

 

Жігіттер, қарттар, әйелдер, бұқара халық

 

Дирижері - Ерболат Ахмедияров, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, хор және балеті

 

Театр орындаушылардың құрамына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады

 

Қазақ КСР-нің халық әртістері, екінші дәрежелі Сталин сыйлығының лауреаттары: Құрманбек Жандарбеков пен Байғали Досымжановтың қойылымында.

 

Қойылымдық топ:

 

Жаңартылған спектаклдің режиссері - Ләйлім Иманғазина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Костюмдер мен декорациялар бойынша суретшісі - Құлахмет Қожықов, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері

Хормейстері - Әлия Темірбекова

Хореографиясы - Меңтай Тілеубаев, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері