Бір актілі балеттер кеші

26/03 - 19:00

Қымбатты көрермендер, өкінішке орай, Алматы қаласындағы санитарлық-эпидемиялогиялық тұрақсыз жағдайға байланысты,

наурыз айындағы іс-шаралардың жүзеге аспайтындығын жеткіземіз:

 

12, 13 наурыз - Бір актілі балеттер кеші - болмайды

14 наурыз - Дж.Верди. "Бал-маскарад" - болмайды

17 наурыз - "Ұлы дала аңыздары" балеті - болмайды

18, 19 наурыз - "Қыз Жібек" операсы - болмайды
20 наурыз - Итальяндық музыка кеші - болмайды
21 наурзы - Квартетті музыка кеші - болмайды

25 наурыз - Г.Доницетти "Лючия ди Ламмермур" - болмайды

26 наурыз - Бір актілі балеттер кеші - болмайды

27 наурыз - Дж.Пуччини "Мадам Баттерфлай" - болмайды

28 наурыз - Д.Минкус "Баядерка" - болмайды

 

Театр кассасынан сатып алынған билеттерді қайтаруды жүзеге асыру үшін өзіңізбен бірге сатып алынған билеттер және жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы қажет.Билеттерді қайтару мерзімі 2021 жылдың 30 наурызына дейін қолжетімді.

 

Театр кассасы:Қабанбай батыр көшесі, 110

+7 727 272 79 34

(демалыссыз, сағат: 10.00-18.00, үзіліс сағат 14.00 - 15.00)

 

Онлайн сатып алынған билеттерді қайтару бойынша төмендегі нөмірлерге хабарласуларыңызды сұраймыз:

call-centre Тикетон.кз - +7 727 225 10 50, +7 771 936 53 53

 

Ағымдағы репертуар туралы жаңалықтарды біздің ресми сайтымызда және әлеуметтік делілерімізде біле аласыздар.

Біз әрбір көрерменге түсіністік танытқаны үшін шын жүректен алғыс айта отырып, жақын арада өздеріңізді театрымызда күтеміз!

 

* театрға келу кезінде маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек

 

* сатып алынған билеттерге сәйкес көрермен залында орын алуды сұраймыз

 

26 | 03 | 2021

19.00

 

Николай Андреевич Римский-Корсаков

«Шехерезада»

1 бөлімді балет 

А. Бенуаның либреттосы

«Мың бір түн», «Шахрияр патша мен оның інісі» ертегілерінің желісі бойынша

М.Фокиннен кейінгі Тони Канделороның хореографиясы

 

 

Жорж Бизе-Родион Щедрин

«Кармен-сюита»

бір бөлімді балет

либреттосы және хореографиясы А. Алонсонікі

П. Мерименің аттас новелласының желісімен

 

* Балет аудиожазбамен орындалады.

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

Николай Андреевич Римский-Корсаков

«Шехерезада»

 

Зобейда - Айгүл Дүйсекова

Шахрияр, сұлтан - Нұрлан Байбусинов

Земан, Шахриярдың ағасы - Дәурен Жеңіс

Алтын құл, Зобейданың сүйіктісі - Нельсон Пенья

Бас әтек - Ұлан Баденов

Сүйікті бишілері - Исида Калякина, Аружан Баратова, Наргиз Мирсеидова

 

Абай атындағы ҚҰАОБТ симфониялық оркестрі мен балеті 

Дирижёрі - Мұхтар Қалдаяқов

 

* Театр әртістер құрамына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-балетмейстер - Тони Канделоро (Италия)

Костюмдер мен декорациялар - Л.Баксттің эскиздері негізінде, Тони Канделоро мен Даниэла Аментаның қайта өңдеуімен

 

 

 

Жорж Бизе-Родион Щедрин

«Кармен-сюита»

 

Кармен - Малика Елшібаева

Хозе - Рахим Даиров / бірінші орындауы

Тореро - Әмір Жексенбек

Коррехидор - Әлімхан Төребеков / бірінші орындауы

Жазмыш - Баян Бекетаева

Темекі ораушылар - Мадина Кенжебекова, Малика Үсенова

 

 

Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының балеті

 

* Театр әртістер құрамына өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады

* Балет аудио жазбамен орындалды

 

Қойылымдық топ:

Қоюшы-балетмейстер – Тимофей Лавренюк

Суретші – Борис Мессерер