БАЛЕТ КЕШІ

27/05 - 18:00

Ұзақтығы: 1 30мин

«АСТАНА ОПЕРА» ТЕАТРЫНЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ ГАСТРОЛІ

 

БАЛЕТ КЕШІ

Екі бөлімді

 

Гала-балет

* * *

В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның хореографиясындағы «Кіші өлім» және «Алты би» бір актілі балеттері

 

 

 

Балет труппасының көркемдік жетекшісі – Алтынай АСЫЛМҰРАТОВА, Ресейдің Халық әртісі

 

Спектакльді жүргізуші режиссер – Эльмира СҰЛТАНҒАЗИНА

 

 

ГАЛА-БАЛЕТ БАҒДАРЛАМАСЫ

А.Адан. «Жизель» балетінен па-де-де. Ж.Коралли мен Ж.Перроның хореографиясы. Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ

 

М.Рихтер. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балетінен дуэт. Р.Ребектің хореографиясы.

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Олжас ТАРЛАНОВ

 

Ж.Массненің музыкасына «Таис». Р.Петидің хореографиясы

Мәдина ӨНЕРБАЕВА (БАСБАЕВА), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Арман УРАЗОВ

 

Р.Дриго. «Талисман» балетінен па-де-де. М.Петипаның хореографиясы

Шұғыла ӘДЕПХАН, Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Д.Шостаковичтің музыкасына «Ескі фотосурет». Д.Брянцевтің хореографиясы

Назира ЗАЕТОВА, Александр КОРНИЛОВ

 

И.С.Бахтың музыкасына «Леда мен Аққу». Р.Петидің хореографиясы

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Жәнібек АХМЕДИЕВ

 

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің музыкасына «Қилы заман». П.Бананың хореографиясы

Сұлтанбек ҒҰМАР

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен па-де-де. М.Петипа мен А.Горскийдің хореографиясы

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Арман УРАЗОВ

Кіріспе вариация – София ӘДІЛХАНОВА

 

 

 

__________________

 

 

В.А.Моцарттың музыкасына Иржи Килианның хореографиясындағы бір бөлімді балеттер

 

 

«КІШІ ӨЛІМ»

(премьера)

 

Қойылым концепциясы, хореография, сценография – Иржи Килиан

Хореографтың ассистенті – Стефан Жеромски

Костюмдер дизайны – Йоуке Виссер

Жарық дизайны – Иржи Килиан

Жарық дизайнын іске асыру – Юп Каборт

Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі – Юст Бигелар

 

 

«Кіші өлім» балеті 1991 жылы В.А.Моцарттың қайтыс болғанына 200 жыл толуына орай Зальцбург фестиваліндегі көрсетілім үшін В.А.Моцарттың музыкасына (екі фортепианолық концерттің баяу бөліктеріне) құрылған.

«Кіші өлім» атауының мәні терең әрі ауыспалы мағынаға ие (метафоралық). «Кіші өлім» деп француздар тәндік ләззаттың шарықтау шегін атайды, алайда Килианды бейкүнә жанасудан бастап, денелердің құмарлықпен шырмалуына дейінгі махаббат қатынастарының көптүрлілігі әсерлендіреді.

Көпішілікке арналған медитациялық композициялардан туындаған алты адажио – керемет музыкалық негіз бен нәзік пластиканың таңғажайып қосылысынан туған жауһар. Денелер серіктестердің жанасуына және музыканың тынысына мойынсұнады, махаббат дуэльдері сызық желілерінің күрделі графикасымен сызылған.

Мұнда махаббат пен ажал қол ұстасып өтеді. Балетті алты әйел мен алты ер адам орындайды. Биші ерлердің қолдарында біресе өткір рапиралар, біресе жалаңаш әйел денелері. «Кіші өлімдегі» дуэттер сезімталдыққа толы, алайда Иржи Килиан бұл ретте тәндік махаббат тақырыбына басымдық бермейді: керісінше, оның хореографиясының таңғажайып жарасымдылығы дуэттердің көзге анық көрініп тұрған тартымдылығының заттылығын, ал эротизмнің өзінің бірмәнділігін жоғалтуына әкеледі. Килианның осы балетін сыншылардың «үздік үлгідегі махаббат лирикасы» деп атауы кездейсоқтық емес.

 

* * *

 

«АЛТЫ БИ»

 

Хореограф – Иржи Килиан

Хореографтың ассистенті – Ширли Эссебум

Сценография мен костюмдер – Иржи Килиан

Жарық – Иржи Килиан (концепция)

Жарық дизайнын іске асыру – Юп Каборт

Жарық бойынша суретші және қойылым бөлігінің меңгерушісі – Йост Бигелар

 

«Алты би» балетін Иржи Килиан 1986 жылы – барша әлем Вольфганг Амадей Моцарттың 230 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде шығарған. Бұл хореографтың «Ақ-қара балеттер» деп аталатын топтамасына енетін ең танымал комедиялық балеттердің бірі болса керек. Иржи Килианның классикалық «қағида» аясынан алшақтаған өзіндік айрықша мәнері бар. Ол дененің физикалық мүмкіндіктерінен гөрі адам болмысының тереңдігін зерттейтін хореограф-философ беделіне ие және таңғаларлық музыкалық қабілетімен даңқы шықты. Бүгінде заманауи балеттің чехиялық кемеңгері, би әлеміндегі Пикассо – Иржи Килианның би композицияларын сахналау құқығына ие болу үшін әлемнің көптеген елдері таласқа түсуде.

«Моцарт өзінің «Алты биін» жазған кез бен біздің заманымызды екі ғасыр бөліп тұр. Бұл соғыстар, көтерілістер және түрлі әлеуметтік күйзелістерге толы тарихтың елеулі бір аралығы. Осыны ескере отырып, мен композитордың әзіл-сықағы мен музыкалық әсемдігін ғана бейнелейтін қандай да бір би нөмірлерінің қатарын жасау дұрыс емес деп есептедім де, мұның орнына бір қарағанда мәнсіз болып көрінетін әрі айналамыздағы болмысқа сәйкес келмейтіні айдан анық алты композицияны қойдым.Сондай күрделі де тынымсыз бола тұра, түсініксіз себептермен әрқайсымыздың жан дүниемізден орын алған әлемнің алдында олар өте кішкентай болып көрінеді. Әйтсе де, Моцарттың «Алты биінің» ойын-сауық жағы кең танымалдыққа ие болғанымен, оларды әзілге теңестірудің қажеті жоқ. Шығарманың әжуалығы құндылықтарымыздың салыстырмалылығына нұсқайтын құрал ретінде пайдаланылған».

Иржи Килиан

билетті сатып алу

Қатысушылар мен орындаушылар:

А.Адан. «Жизель» балетінен па-де-де. Ж.Коралли мен Ж.Перроның хореографиясы. Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Диас ҚҰРМАНҒАЗЫ

 

М.Рихтер. «Қазіргі сәт қанша уақытқа созылады?» балетінен дуэт. Р.Ребектің хореографиясы.

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Олжас ТАРЛАНОВ

 

Ж.Массненің музыкасына «Таис». Р.Петидің хореографиясы

Мәдина ӨНЕРБАЕВА (БАСБАЕВА), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Арман УРАЗОВ

 

Р.Дриго. «Талисман» балетінен па-де-де. М.Петипаның хореографиясы

Шұғыла ӘДЕПХАН, Еркін РАХМАТУЛЛАЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Д.Шостаковичтің музыкасына «Ескі фотосурет». Д.Брянцевтің хореографиясы

Назира ЗАЕТОВА, Александр КОРНИЛОВ

 

И.С.Бахтың музыкасына «Леда мен Аққу». Р.Петидің хореографиясы

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ, Жәнібек АХМЕДИЕВ

 

«Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің музыкасына «Қилы заман». П.Бананың хореографиясы

Сұлтанбек ҒҰМАР

 

Л.Минкус. «Дон Кихот» балетінен па-де-де. М.Петипа мен А.Горскийдің хореографиясы

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Арман УРАЗОВ

Кіріспе вариация – София ӘДІЛХАНОВА

 

* * *

 

«КІШІ ӨЛІМ»

 

Евгений РЫБКИН

Камилла ОРМАНОВА

 

Руслан ҚАНАҒАТ

София ӘДІЛХАНОВА

 

Данияр ЖҰМАТАЕВ

Әйгерім БЕКЕТАЕВА, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Серік НАҚЫСПЕКОВ

Мәдина ӨНЕРБАЕВА (Басбаева), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

 

Ғалымжан НҰРМҰХАМЕТ

Анастасия ЗАКЛИНСКАЯ

 

Жәнібек АХМЕДИЕВ

Еркежан ЖҮНІСОВА

 

* * *

 

«АЛТЫ БИ»

 

Карин – Лимара АЙДАРОВА

 

Пол – Олжас ТАРЛАНОВ

 

Каролина – Бақытгүл ИСПАНОВА

 

Йохан – Александр КОРНИЛОВ

 

Лиза – Мөлдір ШӘКІМОВА

 

Патрик – Сұлтанбек ҒҰМАР

 

Нэнси – Мәдина ҚҰЖАМЖАРОВА

 

Урци – Айбар ТОҚТАР

 

 

«АСТАНА ОПЕРА» БАЛЕТ ӘРТІСТЕРІ

 

Концерт «Астана Опера» симфониялық оркестрінің аудиожазбасымен өтеді