Алматыда қарттар мен көпбалалы отбасылар "Абай "операсын тамашалады

10.05.2023

   Алматыда қарттар мен көпбалалы отбасылар "Абай "операсын тегін тамашалады. Шараны ұйымдастыруға «AMANAT» партиясы мұрындық болды. «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында жүзеге асырды. Қойылымды тамашалауға 100-ге жуық көрермен, оның ішінде 20 көпбалалы отбасы келді.

 

   Талғат КҮЗЕМБАЕВ, АБАЙ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ СОЛИСТІ:

   - Бұл Абай операсы театырымыздың төқұжаты болып есептеледі. Біз өте қуаныштымыз сол кісілер біздің театрымзға келіп, көріп өнерімізді тамашалағанына. Ардагерлеріміз біздің алдынғы буын ағаларымыздың көзін көрген кісілер, олардың келгені бізге өте жақсы.

 

   Әсия АҚАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

   - Біз ардагерлерді барынша тыңдап, көмек беруге тырысамыз. Үлкен кісілер мәдениетке жақын келеді, оларға мұндай кештер өте маңызды. Көп балалы отбасыларға да біраз пайдасы тиеді деп сенеміз, өйткені мәдениет бәріне ортақ.

 

https://youtu.be/8GcnM66B6bE 

 

Әйгерім Пернебек

AstanaTV