Татарстан көрерменін тәнті етті

23.02.2023

   Биыл ақпан айында көрнекті опера әншісі, әлемге әйгілі әртіс, Қазан қаласының тумасы Федор Иванович Шаляпиннің туғанына 150 жыл толып отыр.

   Атаулы күнге орай 30 қаңтар мен 28 ақпан аралығында мәдениет пен музыкадағы аса ірі өнер ошақ­тарының бірінен саналатын Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық опера және балет театрында XVI ха­лықаралық опера фестивалі өтіп жатыр. Әлемдік деңгейдегі өнер додасына Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Эмиль Сакавов қатысып, шет жұрттың кө­рер­менін шеберлігімен тәнті етті. Ха­лықаралық Шаляпин фестивалі италиялық режиссер Джузеппе Мо­рассидің сахналауындағы Дж. Рос­синидің «Севиль шаштаразы» операсымен ашылды. Эмиль Сакавов фестивальдың ашылу салтанатын­да алғашқылардың бірі болып «Фигаро» партиясын орындап, ерекше мәнердегі шынайы талантымен Та­тарстан көрермендерін баурап алды. Қазақстан опера өнерінің майталманы татар елінің талғампаз тыңдаушысының ықыласына бө­леніп, нағыз бабындағы әрі шебер­лік шыңындағы асқақ өнер иесі екенін дәлелдеп, құшағы десте-дес­те гүлге толса, оның сыртында, қа­зақ опера өнері саңлағының сах­налық өнерін саралаған татар бас­пасөзі, өнертанушылар мен му­зы­калық сыншылардың биік баға­сына ие болды деп хабарлайды Татар опера және балет театрының баспасөз қызметі. Жәлел фестивалін дүбірлеткен Эмильдің әлеуметтік желідегі парақшалары құттықтаулар мен жылы пікірге толы, желі жазы­лушыларының дені дарынды әнші шеберлігінің түп-төркініндегі ізденіс пен тәжірибені атап өткен.

 

Автор: Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ

Источник: EgemenQazaqstan